Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Жаднама / Google ұсынған 4 кеңес: қызметкерді қалай іздеу керек?

Google ұсынған 4 кеңес: қызметкерді қалай іздеу керек?

Google ұсынған 4 кеңес: қызметкерді қалай іздеу керек?

Жұмыссыздық барлық елде бар. Дегенмен жұмысқа кіріп, табыс тауып, өз еңбектерімен алға қарай жылжып жатқандар да бар. Әлемдік бренд Google компаниясы жыл сайын екі миллионға жуық адаммен жұмыс барысы жайында сөйлеседі. Солардың тек санаулы-ақ бөлігі ғана жұмысқа қабылданады. Сонымен Google жұмысқа адамдарды алатын кезде қандай заңдылыққа жүгінеді?

1. Жұмыс барысының ең жоғарғы көрсеткішін көрсету керек

Жұмыс ұсынатын компания вакансия туралы ақпарат берместен бұрын, менеджер болашақ әріптестің қандай талаптарды білу керектігін анық жазуы және жеткізуі керек.

Адамдарды білімі мен еңбекқорлығына қарай жұмысқа алу керек. Олардың ішінен өзіңізден ақылды адамды іздеңіз. Ұсынып отырған жұмыстың талабын күшейтіп, оны жеңіл түсіндіріңіз. Қарым-қатынас орнатқан кезде болашақ қызметкермен ашуға баруға болмайды. Жұмыстың маңыздылығын және оның қандай жауапкершілікті арқалайтынын айту білу керек.

2. Компания қызметкерді өзі іздеуі керек

Google компаниясы қызметкерлерді жұмыс беру агенттіктері арқылы кей кездері іздемесе, негізінен өздері іздеуге тырысады. Мәселен әлеуметтік желі немесе электронды поштаға келген түйіндемелер арқылы қарастырады. Бұл өте маңызды. Әрбір қызметкермен жеке қарым-қатынас орната білу және оған сыйластықпен қарау да керек.

3. Шешімді қызметкерлермен бірге жасаңыз

Жұмысқа алған адамның соңынан он адамды жіберіп қойып үйретудің қажеті жоқ. Жұмысқа бірнеше ай немесе жыл бұрын кірген қызметкерлермен бірге жұмыс жасатыңыз. Кейін уақыты келген кезде сол қызметкерлерден сұрап, бірге шешім шығарасыз. Бұл жаңадан келіп тұрған әріптесті жан-жақты тануға көмектеседі .

4. Қызметкер компанияда қалатындай жол іздеңіз

Жұмысқа келіп тұрған қызметкерді алып қалуға тырысатын жол іздеңіз, яғни аргументтер қарастырыңыз. Бұл жұмысқа келіп тұрған адамның шынайы табиғатын ашуға көмектеседі. Сіз алып қалуға тырысатындай жол көрсетсеңіз, ол бар ынтасымен беріліп жұмыс жасауы мүмкін.

0
Рейтинг: +1

Дайындаған: Марғұлан Ақан
Фото: VistaNews.ru
Қосылған күні: 26 ақпан 2018, 14:42

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.