- Негізгі бет
- Жаднама
- «Esentai Mall» сауда...
«Esentai Mall» сауда орталығына сапар
Жақында Алматыда "люкс" санатына жататын «Esentai Mall» сауда орталығы ашылды. 6 қабатты алып сауда орталығында не қызық бар екен?
Алматы еліміздің қаржылық, коммерциялық және мәдени астанасы, сондай-ақ, Орталық Азия аймағындағы қаржы орталығы болып табылады. Сол себепті Алматыда осындай дәрежелі "люкс" сауда орталығының ашылуы - орынды құбылыс.
Құны 450 млн. долларды құрайтын «Essentai Mall» жобасын Нью-Йорктегі Time Warner Center ғимаратын жобалауға қатысқан SOM сәулет бюросы әзірледі.
«Esentai Mall» сауда орталығында 160 дүкен бар. Оның алты қабатының 9000 шақырым метрлік үш қабатына Saks Fifth Avenue жайғасты. Сауда орталығының жалға берілетін жалпы ауданы 52 000 шаршы метрді құрайды, оның ішінде кинотеатр, мейрамханалар мен кофеханалардың желісі орналасқан.
Ішкі интерьері өте ыңғайлы, тартымды жасалынған. Кең дәліздерде әлі құрылыстың иісі байқалса да, карта мен жол сілтеуіштер қажет дүкенді адаспай табуға көмектеседі. Қазірде тек 2 қабаты жұмыс істеп тұрған сауда орталығында жақында кинотеатр залдары, кафе, мейрамханалар мен дүкендер қатары ашылады деп жоспарланған.
Сауда орталығында "люкс" дәрежелі әлемдік атаққа ие Saks Fifth Avenue, Louis Vuitton, Gucci, Burberry, Dolce & Gabbana, Stella McCartney, Ralph Lauren, Fendi, Hilfiger және Loro Piana сынды дүкендер бар.
Жаңа клиенттерді табу үшін аймақтың ең қарқынды дамып келе жатқан нарығына келген әлемдік брендтер сәндік индустрия тарихында жаңа бетті ашып отыр. Бұл сауда белгілерінің Алматыдағы, тіпті Қазақстандағы алғаш дүкендері болды. Дүкен сөрелеріндегі киім көзді қызықтырмай қоймайды.
Сауда орталығының жабық ашылу рәсімінде Ева Херцигова, Louis Vuitton компаниясының басқарма төрағасы және бас атқарушы директоры Ив Карсель, атақты аспазшы Том Вульф және бір мыңға жуық танымал қонақтар болды.
Сауда орталығының ішінде осындай инсталляциялар аз емес.
«Esentai Mall»-дың орындықтары да ерекше.
Әйгілі Louis Vuitton сөмкесі
Кәдесыйлар дүкеніндегі мына қасқырдың бағасы 3500 доллар
Айта кетсек, Қазақстанда 12000 миллионер бар (1383 адамға шаққанда 1 миллионер), сонымен қатар, Алматы қаласында 5 миллиардер өмір сүреді.
Жаңа сауда орнын бүгінгі нарық көтере ала ма?
Дайындаған және суреттерге түсірген: Сания Аринова
С. А