Мұзда қауіпсіздік шараларын сақтаудың жолдары

Мұзда қауіпсіздік шараларын сақтаудың жолдары
Фото: jutarnji.hr

Қылышын сүйреткен қыстың қызығы қар ғана емес. Оның да өз әуресі мен денсаулыққа зақым келтіретін тұстары бар. Қыста қатқан мұз үстінде тайып жығылып аяқ-қол сындыру жиі орын алады. Сақтық шарасын алдын-ала жасап жүру үшін бірнеше кеңес ұсынамыз. 

Қатқан сулары арнаулы мұз өткелдерi (жаяуларға және авто, арба көлiкке арналған) жасалған тұстарда ғана қиып өтуге рұқсат етiледi. Мұндай өткел жоқ жерден өткенде алдымен ол жердегi мұздың берiктiгiне көз жеткiзiп алу керек. 

Мұндай өткел жоқ жерден өткенде алдымен ол жердегi мұздың сүйменмен ұрып байқау ұсынылады: қатты ұстасқан мұз 2-3 соққыдан соң ғана ойыла бастайды. 

Мұз берiктiгiн аяқпен ұрып байқауға қатаң тыйым салынады. 

Әлсіз мұз үстiмен жүруге, мұзы шатынаған тұстарға жақындауға, жағадан жұқа мұз үстiне шаңғымен, шанамен, конькимен сырғанап түсуге болмайды. Мұз жүрiп жатқан кезде мұз сынықтарында сырғанауға немесе олар арқылы арғы бетке өтуге, сондай-ақ мұз бетiне ой-шұқыры беймәлiм тұстардан, әсiресе жарғабақтан түсуге болмайды. 

Өзендi (су қоймасын) мұз үстiмен тыйым салынған және қауiптi тұстардан кесiп өтуге рұқсат етiлмейдi, ескертпе қалқандарды мұқият қарап отыру керек. 
Қызыл су жүре мұз үстiне шығуға қатаң тыйым салынады. 

Мұз айдынында қауiпсiздiк ережесiн сақтау шаралары: 
- Өзен-көлдерде ағып жатқан сулардың жағасында мұзы қалыңдау, ортасы жұқа болады. 

- Мұздың қалыңдығы 7-8 см болса, 1 адамды, 15 см болса аз адамнан құралған топты, 25 см болса жеңiл машинаны көтере алады. 

- Егер мұз айдыны ойылған жағдайда арқамен немесе кеудемен жату қажет.

- Ойылған жердегi мұзды таяп аяқтарыңызбен жүзу әрекетiн жасаңыз. 

- Мұздан алдымен бiр аяғыңызды, сосын екiншiсiн шығарып, ойылған жерден аулаққа қарай еңбектеңiз. 

- Егер сiз мұзда ойылған адамға көмек берсеңiз ойылған жерге тiк жүрмей, еңбектеп жетiңiз де, зардап шегушiге мықты, берiк, тартуға ыңғайлы затты ұсыныңыз. 

- Зардап шегушi ұсынған затты ұстағаннан кейiн еңбектеп тартыңыз. 

Балалар қауiпсiздiгi-баршамыздың ортақ мiндетiмiз. Мұз айдынында коньки теуiп, шана сүйретiп ойнап жүрген балаларды көремiз. Балалардың мұз айдынында қауiпсiздiк ережесiн сақтауын ата-аналар мен ұстаздар қауымы үнемi ескертiп, назардан тыс шығармауға тырысуы қажет. Осы орайда балалардың қайғылы оқиғаға ұшырамауы үшiн балалардың тәртiбiн қадағалап, тыйым салуымыз қажет

- Қалыңдығы 7 см жұқа болса мұз үстiне шығуға; 

- Дұрыс қатпаған немесе қар басқан мұз үстiнде топталып тұруға; 

- Тез су ағымы бар жерлер мен бұлақты жерлерде ойнауға; 

- Мұз үстiнен қауiпсiздiк белгiлерi жоқ жермен өтуге; 

- Мұздың қалыңдығы 25 см-ден аспайтын болса, мұз айдынын жасауға; 

- Егер тәулiк бойы ауа температурасы құбылмалы болса мұз айдынына шығуға, түн мезгiлiнде мұз айыдынына шығуға тыйым салынады. 

www.fireman.kz

М. Ақан