- Негізгі бет
- Жаднама
- Мейрамханада өзін-өзі ұстау...
Мейрамханада өзін-өзі ұстау ережелері
Мейрамханаға іскерлік жолығу, романтикалық кездесу немесе достармен отыру мақсатында барсаңыз, мына этикет ережелерін ескеріңіз.
1-ереже. Мейрамханаға ер адам бірінші кіреді.
Мейрамханадағы танымайтын адамдардың көздері еріксіз есіктен кірген адамға түседі. Сондықтан мейрамханаға бірінші ер адам кіріп, артынан кірген әйел адам оның қорғауында және ол оған жауапты екендігін көрсетеді.
2-ереже. Даяшымен ер адам сөйлеседі.
Егер үстел басында ер адам бар болса, этикет ережесі бойынша даяшымен ол сөйлесуі тиіс. Ер адам қасындағы қыздан не жейтінін анықтап, тізімді даяшыға ол айтады және соңынан ер адам есептеседі.
3-ереже. Майлықты бірінші тағам келгенше қозғамайды.
Барлық мейрамханада дерлік үстел үсті мата майлықтарды қолдану арқылы әзірленеді. Мейрамханаға келушілердің ойына ол затты не істеу керектігі жайлы сұрақ туады. Үстелге отырған бойда біреулер оны ластап алмау үшін жанына алып қойса, басқалары онымен тізесін жауып қояды. Этикет ережесі бойынша сізге бірінші тағамды әкелгенше оны қозғауға болмайды. Бірінші тағам келген соң майлықпен тізені жауып, тамақ ішуге кірісуге болады.
4-ереже. Үстел басында шашты қозғауға болмайды.
Көп жағдайда қыздар үстел үстінде өздерін ретке келтіріп жатады. Мысалы, біреулер шаш үлгісін дұрыстайды немесе ернін бояйды. Этикет бойынша үстел басында шашты ұстауға және оны дұрыстауға болмайды. Мұндай әрекеттер айналадағы адамдардың көзінен тыс жасалуы тиіс. Егер шаш үлгіңізді немесе макияжыңызды дұрыстағыңыз келсе, әйелдер бөлмесіне барыңыз.
5-ереже. Бокалдан ішер алдында ерніңізді майлықпен сулау керек.
Этикет ережесі бойынша сусын ішерде ерніңізді майлықпен сулау керек. Сол кезде ыдыстың әдемі түрі сол қалпында сақталады.
6-ереже. Өте қанық түсті ерін далабын қолданбау керек.
Мейрамханаға барарда өте қанық түсті ерін далабын қолданбаңыз. Ол бокалда және майлықта дақ қалдырады. Егер қанық түсті ерін далабын ұнатсаңыз, ерінге арналған із қалдырмайтын тинт қолданыңыз.
7-ереже. Қателік жіберсеңіз, сабырлылық сақтаңыз.
Үстел басында келеңсіз жағдайлар болып жатады. Мысалы, шанышқы түсіріп алу, сусын төгіп алу немесе майлықты түсіріп алу. Мұндай жағдайда өзіңізді дұрыс ұстауға тырысыңыз. Кінәлі түр жасап, барлығын орнына қайтаруға асықпаңыз. Мұндай жағдайда сабырлық сақтап, даяшыға ыдыстарыңызды басқасына ауыстырып беруін өтініңіз.
8-ереже. Даяшыға артық ақша қалдырыңыз.
Даяшының дұрыс атқарған қызметі үшін оған артық ақша қалдыру жақсы мінез ережесін білдіреді.
Бұл ережелерді білу қымбат әрі беделді мейрамханаларда да өзіңізді жайлы сезінуге көмектеседі.
А. Жапатова