Армандар орындалады: сеніммен байқап көріңіз

Армандар орындалады: сеніммен байқап көріңіз
Фото: blogspot.com

Орындалмайтын арман болмас. Ең бастысы – адамның сенімі. Белгілі бір жағдайларда адамның өзі ғана сенетін ырымдары болады. Мысалы біреулер көп балам болсын деп ұлдары бар ананың бұйымдарын сұрап алады, енді біреулер тезірек тұрмысқа шығу үшін түнде киетін кім сатып алады. Осы секілді армандар орындалуына қатысты әр елде жыл басында жасалатын рәсімдер бар. Сеніммен қарап, сіз де тәжірибеден өткізсеңіз болады.

Францияда дастарқанға мерекелік бәліш қойылғанда, ішіне кішкентай қызықты нәрсе жасырады. Дастарқан басындағылар арман ойлайды да, бәлішті бөліп жеуге кіріседі. Бәліштің тосын сыйы бар бөлігі кімге түссе, барлығы сол жанның қалауын орындайды және жыл бойы сол адамның армандары шындыққа айналады деп сенеді.

Испанияда арман орындалуына он екі жүзім сеп болады. Біздің елімізде жаңа жылдың, қыстың символы мандарин болса, бұл елде – жүзім. Іштей тілек тілей отырып, сағаттың әр соғысында бір жүзімнен аузына салып, он екі жүзімді бітірсе, арманы міндетті түрде орындалады деген сенім бар.

Үндістан – түрлі салт-дәстүрге бай ел. Жаңа жыл да жылына бірнеше рет тойланады. Халықтық жаңа жылы наурыз айының аяғында тойланады. Осы мереке алдындағы үш күнді үнділер қасиетті санайды. Осы күні ойлаған барша арман-мақсаты жүзеге асады. Сонымен қатар әуе шарларын ұшырса, бұл көктегі жаратқанға тілегімізді тіке апарады деп нанады.

Ал сіз армандар орындалуы туралы ырым білесіз бе? Бұл сенімдердің қайсысын байқап көрер едіңіз?

@. @assel_assanova