Неге болмайды?

Неге болмайды?
Фото: psmag.com

Қазақтың ырым-тиымдары секілді жалпыхалықтық істеуге болмайтын нәрселер бар. Мәселен қазақ халқында «түнде тырнақ алуға болмайды», «табалдырық басуға болмайды», «аяқты көкке көтеруге болмайды» деген түсініктер бар. Жауабын сұрасаңыз: «жаман болады» деген бір-ақ ауыз сөз естисіз. Сол секілді күнделікті өмірде қалыптасып кеткен жағдайларды айтайық. 

Неге ымыртта ақша беруге болмайды? 

Қарызға ақша алсаңыз немесе біреуге беру керек болса кешке емес күндіз беруге тырысамыз. Себебі кешке және түнде ақша беру кедейлікке алып келеді, сол үйдің берекесін қашырады деп түсінеміз. 

Ең бірінші түнде ақша ұсыну адамға деген сыйластықты жоғалтады. Себебі демалып жатқан адамға түнде ақша әкеліп беру оны ыңғайсыз жағдайға қалдыруы мүмкін. Бұл түсінік қаржы мамандарының да арасында бар. Түнде келген ақшаның берекесі болмайды дейді. Түнде адасу көп, ақша да өз бағытын таппауы мүмкін деген жауаптар бар.

Неге өзгенің неке жүзігін өлшеп көруге немесе тағып көруге болмайды? 

Бұл да түсініксіз сұрақтардың бірі. Жалпы түсінік бойынша біреудің неке жүзігін тағу арқылы сіз сол адамның тағдырын қайталап кетуіңіз мүмкін. Одан өзге сол жүзекте сақталған иесінің қуатын өзіңізге сіңіріп алуыңыз мүмкін. Бұл бір жанұяның шырқын бұзуы ғажап емес. Айтылған жауаптардың барлығы ақылға қонымсыз «аңыз» секілді көрінуі мүмкін. Бірақ неке жүзігі сізге ғана тән жеке нәрсеңіз. Оны бөлісуге және біреуге тағып көруіне берудің қажеті жоқ.

Неге меңді санауға болмайды? 

Мең және қал кез келген адамның ажарын ашатын табиғи нәрсе. Бірақ арамызда меңді санауға болмайды дейтін түсінік бар. Себебі мең адамның ерекшелігі ғана емес, сонымен қатар тағдырын көрсетеді екен. Біреудің меңін санап отырудың өзі ыңғайсыз жағдай. Ал меңнің саны сол адамның бақытты сәттерінің өлшемі болып қалуы мүмкін. Сондықтан құрбыңыздан мең көрсеңіз мақтап қоя салыңыз. Санаудың қажеті жоқ. 


Неге айнаның қасында ұйықтауға болмайды? 

Айна – екінші бір әлем. Бұл ғылыми түрде дәлелденген адамның екінші бір жартысымен сөйлесетін мекені. Ал неге оның қасында ұйықтауға болмайды? Себебі түнде ұйықтап жатып оянсаңыз, айнаға қарап өз-өзіңізді көріп шошуыңыз мүмкін. Ұйқылы ояу бағдар жасап үлгермейсіз. Одан бөлек: 

– Айна алдында жатқан кезде сіздің екінші сұлбаңыз сізді аңдып жатуы мүмкін; 
– Отбасылық өмірде айна алдында жарыңызбен ұйықтап қалсаңыз, ортаға үшінші бір адамның түсуіне себепкер болуы мүмкін. Ең қызығы бұл ешқандай адам емес, өз сұлбаңыз. Бірақ сендіру қиынға соғады. 
–  Жалғыздықта жүрген адам үшін бұл өте ауыр. Жалғыз екеніңізді одан ары сезінесіз; 
– Ұйықтаған кезде адамның жаны денесінен көтеріліп, жүреді-міс. Егер айна алдында ұйықтап қалсаңыз, жаныңыз айнаның арғы бетіндегі әлемге байланып қалып, келе алмай қалса, сіз ажал құшуыңыз мүмкін. Бұл медициналық түрде жүректің тоқтап қалуымен түсіндіріледі. 
– Айна кез келген затты шағылыстырады. Ал шағылысқан зат адамның ұйқысына әсер етеді деген сынды түрлі түсініктер бар. 

Ырымға немесе осы түсініктерге сенбесеңіз де, халық айтқан «болмайды» деген сөзге сеніңіз. Бәрінің артында белгілі бір жауап бар. Кейбір сұрақтарға жауап іздеудің қажеті жоқ. Себебі олар адамның ақылына симайтын түсінікте жүзеге асады. 

М. Ақан