Арықтау кезіндегі этикет қателіктері

Арықтау кезіндегі этикет қателіктері
Фото: izuminki.com

Арықтау мақсатында диета ұстап жүрген бойжеткендердің басынан өтуі мүмкін этикет қателіктерін ұсынамыз.

1-қателік: Тамақтан бас тарту

Диета кезінде кешкі асқа шақырып қалатын кездер болады. Мұндай жағдайда не істесе болады? Шақыруды қабыл алып, түрлі тамақтың иісіне қызығып, тек су ішіп отыру немесе арықтап жатырғаныңызды айтып шақырудан бас тарту керек пе деген таңдау болады. Этикет бойынша сізге ұсынылған тамақтан бас тарту әдепсіз болып саналады. Бұл әрекетіңізбен сізбен әңгімелесушіні ренжітіп алуыңыз мүмкін. Оның орнына өзіңізді дегустатор рөліне қойыңыз. Тамақтардың дәмін көріңіз, алайда тойып жеп алмаңыз. Егер тамақты тауыспай қойғаныңызды шақырған адам қалай қабылдайтындығын уайымдасаңыз, әңгіме барысында тамақтың бәрі дәмді болғанын, алайда сіз диетада екендігіңізді айтып жіберіңіз. Сіз бұл ісіңізбен үй иесін де қонақтарды да ыңғайсыз жағдайға қалдырмайсыз.

2-қателік: Бәріне диетада екендігін айта беру

Қыздар арықтауға кіріскен кезде олардың барлық ойы сол туралы болады. Сәйкесінше, онымен айналасындағы барлық адаммен бөліседі. Кей әйелдер көпшілік тамақ ішіп отырған кезде де диетасы туралы айтып, үстелдің үстіндегі тамақтарды жемейтіндігін айтады. Олай жасауға болмайды. Сіздің диета ұстағаныңыз – жеке ісіңіз екенінін ұмытпаңыз. Айналаңыздағы адамдарға ыңғайсыздық тудырмас үшін оны сырт адамдарға айта бермеуге тырысыңыз. Ол адамдардың тамағы дене пішініне зиян екендігін айтып, тамақтануына кедергі келтірмеңіз.

Ескерту! Зайырлы қоғамда денсаулық тақырыбына тыйым салынған. Басқа адамдармен әңгіме барысында сіздің денсаулығыңыз бен денеңізге қатысты әңгімені қозғау әдепсіз болып саналады. Ол туралы тек жақын адамдарыңызға айтыңыз.

3-қателік: Спорттық киімді барлық жерге кию

Спортпен айналысатын қыздардың көпшілігі спорттық киімді тек залға емес, бірте-бірте барлық жерге киетін болып кетеді. Бұл үлкен қателікке жатады. Негізі спорттық киімдер тек жаттығуға арналған. Кей жерлерде спорттық киіммен біртүрлі көрінесіз. Егер қозғалуға ыңғайлы киімдерді жақсы көрсеңіз, «спорт шик» стиліндегі киімдерге көз салыңыз.

4-қателік. Тамақ салынған контейнерді пакетке салып жүру

Дұрыс тамақтану уақытылы тамақ ішуді білдіреді. Сондықтан диета ұстайтын әйелдерге өздерімен бірге тамақ алып жүру керек болады. Көп жағдайда әйелдер сондай контейнерді пакетке салып жүреді. Әрдайым пакет ұстап жүру сіздің киім үлгіңізді бұзады. Пакет тамақты дүкеннен үйге тасуға арналғанын ұмытпаңыз. Тамақ салынған контейнерді сөмкеге немесе рюкзакқа салып жүрген жөн.

5-қателік. Зиян тамақ ішетін адамдарды сынау

Арықтауға кіріскен қыздардың көпшілігі өздерін батыр сезінеді. Оның батырлығы айналасындағы адамдарға жазаға айналады. Ол айналасындағы адамдарды дұрыс тамақтануға шақыра бастайды.  Ол оның кеңесіне құлақ салмаған адамдарды сынап, олардың өмір сүру қағидасын кінәраттай бастайды. Бұлай жасауға болмайды. Ол қоғамдық жерде өзін ұстау ережесін бұзу болып саналады. Өзіңіздің дене пішініңізбен жұмыс жасауда мінез-құлқыңызға мән беруді ұмытпаңыз.

А. Жапатова