Оқи отырыңыз

Ісіңізге, еңбегіңізге, оқуыңызға нағыз адамгершілікпен қарасаңыз, сөз жоқ, жеңіске жетесіз.

Автор: Қаныш Сәтбаев

— Редактор бағаны —

Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді
Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Жаднама / Жаңалық оқисыз ба?

Жаңалық оқисыз ба?

Жаңалық оқисыз ба?

Күндегісін күнде таңертеңгілік уақытын 15-20 минут жаңалық оқуға арнайтын адамдар бар. Бұл, бір жағынан, дұрыс шығар. Бірақ пышақтың екі жүзі болатыны тәрізді, кез келген нәрсенің жақсы-жаман жағы болады.

Бірде халыққа қандай тақырып қызықты, қандай мақала көбірек оқылады деген оймен рейтингтік сайтқа кірген едік. Барлығынан көп көрілім жинаған – жұлдыздарға қатысты жаңалықтар. Бұл бізге не үшін керек? Өсектен құр қалам демесеңіз, білудің пайдасы жоқ.

Жаңалықты оқығанмен, рас-өтіргіне көз жетпейді. Қазір көп журналист оқырман алдындағы зор жауапкершілікті сезінбей, жылдамдыққа ғана ден қояды. Сондықтан қолда бар ақпаратты дұрыс-бұрысын тексерместен жариялайтын кездер болады. Егер оқиғаға тікелей қатысты адамнан сұқбат алынған болса да, ол тек шындықты айтқанына ешкім куәлік етпейді.

Ақ-қарасы анық болмаған соң, жағдайға пікір айтуға асықпаңыз. Өз болжамыңызды айтқанда, естіген жан оны басқаға айтады. «Қосып айтпаса, несін айтатын» өтірік-өсек осылай туады.

Жағымсыз ақпарат болса, суреттерін, бейнежазбасын көріп, босқа жүрек ауырады. Ескерусіз қалдыруға болмайтындай ақпарат болса, елдің бәрінің аузында жүреді. Солай-ақ хабардар боласыз. Адамдардың сөзіне күмән келтірген кезде ғана арнайы іздеп, дәл сол жаңалықты оқуға болады.

Жадыңызды пайдасыз ақпаратпен толтырмаңыз. Жаңалық түгілі, көшеде ілінген жарнамаларды оқығанның өзінде, миымыз ақпаратпен тола береді. Қажетсіз мәліметпен толған миға кезегі келгенде керекті мағлұмат қонбайды. Содан кейін есте сақтау қабілетіңіз нашарласа, өзіңізден өзге кімге өкпелерсіз?

Қазір газеттен жаңалық оқитын жан некен-саяқ екені аян. Ал интернетке кіріп ақпарат алсаңыз, бірінен бірі қызықты боп көрінетін жаңалықтардан бас ала алмайсыз. Бір сілтеме арқылы екіншісіне өтіп, уақытыңыз қалай өтіп кеткенін аңғармай қаласыз. Босқа өткен сол уақыт орнына, тіл үйрену, кітап оқу сынды пайдалы іспен айналыссаңыз, өз бағаңызды арттырасыз.

Өте қызыққұмар (любопытный) адам болсаңыз, сайттарға кіріп, тақырыптарын бір оқып шықсаңыз болады. Көбінесе жаңалық сайттары мәтіндегі бар ақпаратты айқайлатып тақырыпқа жазып қояды. Соңғы жаңалықтармен танысу үшін, өзіңізге бақылау қойыңыз. Бес минут ішінде барлық тақырыпты оқып үлгеріңіз де, дереу желіден шығыңыз.

Сіз үшін жаңалық оқу өте маңызды болса, өзіңіз қызығатын саланы анықтап алыңыз да, кездейсоқ жазбаларға бас бұрмаймын деп өзіңізге уәде беріңіз. Мысалы саяси жаңалықтар, әлемдік ақпараттар, соңғы шыққан техникалық құралдар туралы ақпараттарды ғана оқыңыз. Ол үшін салалық сайттарға ғана кіріңіз. Не оқысаңыз да, бұл маған не пайда береді деген ой көкейіңізде тұрсын.

Рейтинг: +0

Дайындаған: Әсел Асанова
Фото: It's My City
Қосылған күні: 10 қараша 2017, 22:01
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.