Сатушылардың айтпайтын 3 құпиясы

Сатушылардың айтпайтын 3 құпиясы
Фото: dreamstime.com

Сауда-саттық жасау кезінде сіз бен біз аңғармайтын, сатушылардың тұтынушыға білдірмей жасырып қалатын өз құпиялары болады. Себебі олардың бұл құпиясы оларға және дүкен иесіне пайда әкеледі. Шындығында сіз көп ақша жұмсау үшін дүкен қызметкерлері түрлі айла-тәсілге барады. 


1. Жеңілдіктер 
Жеңілдік – бар болғаны сіздің қалтаңызды қағып алуды ойлаған әдіс қана. Яғни көп зат сатып алу арқылы, көп ақша жұмсау. Сонда жеңілдіктің сыры неде? 

Біріншіден, дүкен иесі жеңілдіктер жасаған күнге дейін алатын бұйымдардың бағасын қымбатқа сатады. Ал -30 және -70% жеңілдіктер деп сатқан күні ол бұрынғы өз бағасына түсіреді. Яғни ешқандай жеңілдік жоқ. Тек көтеріп тастаған бағасын қайта қалпына келтіреді. 

Екіншіден, -70 пен -90% жеңілдіктер тек бір-екі затқа болуы мүмкін. Қалған заттардың бәрі -5 пен -10% арасында жеңілдікпен сатылады. Сондықтан көз тартып тұрған сандарға, жеңілдіктерге ұрына бермеңіз. 

Жеңілдік пайданы дүкенге әкеледі, сізге емес. 


2. Киім өлшемдері

Әрбір бренд киімдердің өз өлшемі болады. Мәселен 46-48 деген немесе S және M әріптерімен белгіленетін бірыңғай қалыпты өлшемдер тізбегі. Сондықтан болар кейбір бренд маркалы киім үлгілерінің L өлшемі, келесі бір киімнің S өлшемімен сәйкес келуі мүмкін. Яғни бірдей киім, бірдей өнім бірақ өлшемдері басқа болуы мүмкін. 


3. Химиялық қоспалар 

Киім өндіруші цехтер, бренд компаниялар қанша жерден тері өнімі деп киім түрлерін шығарып, қымбатқа сатқанымен ескеретін бір нәрсе бар. Ол кез келген киімде химиялық қоспаның болатындығы және олардың қауіпті екені. Дүкенге барған кезде, жаңа киімді сынап көру үшін жалаң денеңізге ешқашан кимеңіз. Ішінде жұқа бірдеңе болғаны абзал. Себебі ол киімді сіз ғана емес, басқа адамдар да өлшеп көрді. 

Дүкенге барған кезде есте ұстайтын 3 нәрсе: 

– Қымбат өнімге жүгірудің қажеті жоқ. Сізге жарасып тұрса және сапасы жақсы болса киіңіз. Себебі баға құбылмалы, ал сапа бірдей. 

– Теріге жабысып тұратын синтетикалық киімдерден аулақ болыңыз. Себебі тері ауруын тудыратын осылар. 

– Сатушыдан ешқашан пікір сұрамаңыз. Ол үшін бәрі керемет және жарасамды көрінеді. Қасыңыза досыңызды не құрбыңызды ерте барыңыз. 

М. Ақан