- Негізгі бет
- Жаднама
- Ойдың жүзеге асуы...
Ойдың жүзеге асуы
Психолог мамандар «өз ойлағаныңыз өзіңізге серік болады», «ой жүзеге асады» (мысли материализуются) дегенді жиі айтады. Бұл ұғымды ғалымдар дәлелдеп те үлгерді.
Кейде аса бақытты болған сәттерімізде «бұлай болады деп мүлде ойламадым», «мұндай қуаныш болатыны ойыма кіріп те шықпады» деген секілді сөздерді айтып жатамыз. Ал өткеннің барлығын еске түсіріп қарасақ, біз осылай болар деп бір кездері елестеткен болып шығамыз. Ойдың жүзеге асуы деген – осы. Тіпті сіз мұны кішкене бала күніңізде қиялдаған болуыңыз да мүмкін. Ми қатпарларда тығылып жатқан ойды тауып алады.
Қыз бір жігітті армандап жүрсе, күндердің күнінде ол жігіт қызға көңілін білдіруі мүмкін. Бірақ ол кезде қыздың өмірінде басқа адам бола ма, жоқ па – маңызды емес, тек кезінде ойы болғанын білдіреді, ойы жүзеге асып, жігітті айналдырып алдына әкеліп тұр.
Ауруды да, жамандықты да оймен шақырамыз. Жалғыздықтан жапа шегу, мәселелерді шеше алмау, қарыздарды төлей алмау – осының барлығын ойлай берсек, бұл ойлар да оқиғалар да бізді тастап кете алмай, шыр айналып жүріп алады. Көп уайымдауды доғарып, бәрі жақсы болатынын ойласаңыз, өзі де солай болады.
Сәл салқын су ішіп жатып, тамағым ауырып қалады-ау деген ой миыңызды шағып алса, бірден бұл ойды қуып тастаңыз. Әйтпесе, бұл жайды психологтар ойыңызды космосқа жібереді деп түсіндіреді, сонда ол көп уақыт өтпей өзіңізге қайтып келеді.
Мұның барлығы жай ғана кездейсоқтық тәрізді көрінуі мүмкін, бірақ... Адамның бейсаналы ойлау деңгейін зерттей келе ғалымдар: ойымыз – қалауымызды жүзеге асыратын өзіндік магниттік күшке ие екенін әлдеқашан дәлелдеді.
Ойдың барлығы бірден орындалмайды, осыны есте сақтаңыз. Бірақ күндердің күнінде тілеуіңізді береді. Армандарыңыз да бірден жүзеге аспауына жаман ойларыңыз кедергі болады, армандаумен қатар, "ал егер болмай қалса ше, не дұрыс болмай қалар ма екен" деген шайтан ойлар араласып жүрген соң, орындалуы қиындай түседі.
Ми сіздің ойларыңыздың барлығын арман деп ойлайды. Бір нәрсені ойыңыздан шығармайтын болсаңыз, ол жақсы болса да, жаман болса да ми сіздің қалауыңыз осы екен деген шешімге келеді. Сөйтіп өзіңіз нені көп ойласаңыз, сол алдыңыздан шығады.
@. @assel_assanova