Кедейлікке алып келетін әдеттер

Кедейлікке алып келетін әдеттер
Фото: mrwallpaper.com

Адам дүниеге келген кезде не бай не кедей болып тумайды. Ол адам болып туады және адам болып өледі. Бірақ осы өмір мен өлім арасындағы ғұмырын ол өзі жасайды. Себебі ешкім сізге бәрін дайындап бермейді. Ал жақсы өмір сүру үшін жақсы адам болу ғана жеткіліксіз. Себебі жақсы адамның да жақсы жұмысы, табысы, еңбегі болу керек. Ал кедей болсаңыз, ол сіздің өз қателігіңіз. Себебі сіз көптеген әдеттерден арыла алмайсыз. Ол қандай әдеттер?

Өзіңді аяу

Адам болмысымен ерекшеленеді. Себебі бірінші ақша емес, сіздің ниетіңіз бен өмір сүру қағидаңыз. Ал кедейлікке алып келетін ең бірінші әдет осы өзіңді аяу. Яғни көпшілік ортадан өзіңді бөлек ұстау, қымбат жерге барудан қашу, іштей ұялу, қысылу сезімдері сізді алға ұмтылуға жол бермейді.

«Менің жағдайым қайдан болсын», «менде жоқ», «шамам жетпейді», «ол үшін ақша керек», «бай емеспін» дейтін жауыр болып кеткен сөздерден қашыңыз. Бұл сіздің жауыңыз.

Бәрін үнемдей беру

Үнемшіл болу әрине жақсы қасиет, бірақ бәрін үнемдеу, арзанға жүгіру қателік. Себебі бәрін үнемдей беру сізді ешқашан табысты адамдар қатарына қоспайды. Қазақта осындайда жақсы сөз бар: «кең болсаң, кем болмайсың» деген. Ендеше шашылатын жерде шашылып, үнемдейтін жерде үнемшіл болған жөн.

Ақша бітсе, уайымға салыну

Тұрмыстың билігі санаға жүріп тұрған шақта, ақшасыз өмір сүру мүмкін емес. Дегенмен барлық нәрсенің кілті ақшада емес. Егер қалтаңызды көк тиын қалмай қалса, уайымдап, қобалжудың қажеті жоқ. Себебі бұл әдетке айналып кетсе, сіз ақша бітсе болды қарызға кіруге асығып тұрасыз. Ал қарызға көп байланған сайын сіздің баюға деген құлшыныс жоғалады. Әр тапқаныңызды қарызға берсеңіз, сіз қашан байлыққа кенелесіз?

Аз кірістен көп шығын жасау

Шығынды есептеңіз. Себебі кіріс аз болса, немесе белгілі бір орташа көлемде болса соған қарай икемделу керек. Адамдардың кедейлікке ұрынып қалатын тағы бір себебі де осы. Олар көп шашылып, аз қаржы табады. Есебін жасамайды. Сондықтан кіріске қарай, шығын жасаңыз. Бір күн емес, бір ай әлі өмір сүру керектігін ұмытпаңыз.

М. Ақан