Уақыт үнемдей білеміз бе?

Уақыт үнемдей білеміз бе?
Фото: vk.com

"Адам екі нәрсенің қадіріне жете бермейді. Оның біріншісі – денсаулық болса, екіншісі – уақыт" деген екен бұрынғылар. Расында біз қайда жұтылып барамыз? Күнделікті 24 сағатымыздың өзін кейде қайда кеткенін, қалай өтіп кеткенін білмей қаламыз. Уақыт құм секілді... Уақыт су секілді... Әйтеуір өтіп жатқан уақытымызға қарап мәз боламыз. Уақыт дұрыс дүниеге жұмсалып жатыр ма? Соған мән бергеніміз жөн болар. 

Ойға алған бір жұмысыңызды бітіру үшін сізге уақыт жетпей ме? Не үшін үлгермейсіз? Себебіне үңіліп көрдіңіз бе? Ендеше, біз сізге уақыт үнемдеу жайлы бірнеше кеңес берейік. 

1. Міндетті түрде бітіру керек жұмыстарыңыздың тізімін жасаңыз.

2. Әр ісіңіздің тізімін жасаған соң, күнде кешке қайсысы орындалды, қайсысы орындалмады, астын сызып отырыңыз.

3. Сіз үшін қай іс маңыздырақ, қай іс тығыз екенін ажырата біліңіз. 

4. Жасауыңыз керек іс тізімін үнемі өзіңізбен бірге алып жүріңіз.

5. Жұмыс уақытында әрдайым қиын жұмысты ең бірінші бітіруге тырысыңыз.

6. Егер әлдеқандай ісіңізге 5 минуттан аз уақыт жұмсайтын болсаңыз, оны қазір жасаңыз. Ал, егер одан көп уақыт кетсе, тізімге кіргізіп қойыңыз.

7. Электронды поштаңызды күндегісін күнде тексеріп отыруды дағдыға айналдырыңыз.

8. Күніңізді бірнеше бөлікке бөліңіз. Қайсысын толығымен бітіресіз, қайсысын жартылай бітіресіз. Сол жағын ойластырып алыңыз.

9. Әр істің өз уақыты болуы шарт. Мысалы, мына істі осы уақыт аралығында бітіруім керек десеңіз, сол уақытқа дейін бітіруді жоспарлаңыз. Егер, бітпей қалса, онда ары қарай ісіңіз оңға баспауы бек мүмкін.

10. Күнделікті атқару қажет жұмыстарыңыз қиындай түссе немесе көбейе түссе, қайсысын тез әрі толық орындай аласыз, соған кішігірім талдау (анализ) жасаңыз.

11. Алтын уақытыңызды бағалаңыз. Уақытты дұрыс пайдалана білмейтіндермен қарым-қатынас жасаудан алшақтағаныңыз дұрыс.

12. "Жоқ" деп айту керек болған жағдайда әрқашан "жоқ" деп айтыңыз.

13. Ойға алған ісіңізді нақты бір межелі күнге дейін аяқтауды үйреніңіз.

14. Өзіңіздің жұмыс орныңызды сайлаңыз.

15. Жұмыс істеу қарқыныңызды байқау үшін мейлінше қиын жұмыстарды жасаңыз. Сонда сіздің істі қаншалықты тез, қаншалықты баяу атқаратыныңыз анықталады.

Ж. Жұмағұлов