- Негізгі бет
- Жаднама
- Сізді өзгертетін кеңестер...
Сізді өзгертетін кеңестер
Адам өмірге бір-ақ рет қана келетіні бәрімізге белгілі. Ал оны абыройлы етіп сүру өз қолымызда. Бүгін біз сіздерге өміріңізге ерекше өзгеріс әкелетін бір топ қағиданы айтамыз. Ол төмендегідей:
1. Ерте тұрыңыз.
2. Әр таң сайын бәріне, барына шүкір етіңіз.
3. Суды көп ішіңіз.
4. Қанағатшыл болуға үйреніңіз.
5. Күніңізді жоспарлаңыз.
6. Алға мақсат қойыңыз.
7. Достарыңызды да, дұшпандарыңызды да кешіре біліңіз.
8. Күніне 15 минут болса да, таза ауада серуендеңіз.
9. Ішімдік ішпеңіз.
10. Дұрыс тамақтаныңыз.
11. Ешкімді ғайбаттамаңыз.
12. Өзіңіздің арманыңызға сеніңіз.
13. Қоршаған ортаңыздың жақсы болғанын қадағалаңыз.
14. Күнделікті спортпен шұғылдануға уақыт бөліңіз.
15. Қиындықтан қорықпаңыз.
16. Жасаған жұмысыңыздан ләззат алыңыз.
17. Жұмыста шыдамды әрі сабырлы болыңыз.
18. Ал егер жұмысыңыз ұнамаса, шығуға бел байлаңыз.
19. Ең бастысы өзіңізге сеніңіз.
20. Терең дем алуға тырысыңыз.
21. Жаныңыздың тазалығына мән беріңіз.
22. Көңіл-күйіңіз көтеріңкі жүру үшін сүйікті әуендеріңізді тыңдаңыз.
23. Өмірде тек жақсы адамдарды үлгі тұтыңыз.
24. Табысыңыздың тең жартысын болмаса да, белгілі бір бөлігін қайырымдылыққа жұмсаңыз.
25. Жақсылық жасауды ұмытпаңыз.
26. Жеңіліп те біліңіз, өйткені өмір тек жеңістен тұрмайды.
27. Алдымен ең маңызды мәселелерді шешіңіз.
28. Бақытқа жету үшін ерінбей еңбек етіңіз.
29. Өміріңіздегі ерекше сәттерді күнделік арнап, жазып жүріңіз.
30. Жаңалықтарды қалт жібермеңіз.
31. Ой-өрісіңізді кеңейтіңіз.
32. Пайдалы тағамдарды тұтыныңыз.
33. Шығармашылықпен айналысқан кезде, басқа нәрсеге алаңдамаңыз.
34. Ұлы адамдардың өмірбаяны мен шығармашылығын оқыңыз.
35. Адамдарға бір нәрсе айту үшін, өмірден көп нәрсе үйреніңіз.
Г. Берік