Бай мен кедейдің 7 айырмашылығы

Бай мен кедейдің 7 айырмашылығы

Байлық – ең басты құндылық емес. Бірақ ақша материалдық құндылығыңызды қанағаттандыру үшін керек. Жағдайыңыз жақсы, көңіліңіз тоқ, өміріңіз алаңсыз өтуі үшін өз қолыңыз аузыңызға еркін жеткені жақсы. Әрине, еңбекпен келген жемістің шырыны тәтті болмақ. Сонымен байлардың кедейлерден қандай артықшылығы бар, осы сұрақ төңірегінде жауап іздеп көрсек.

1. Кедей адамдар «ақша – барлық жамандықтың бастауы» деп түйеді. Ал байлар керісінше «кедейлік жамандықтың түп тамыры» дейді.

2. Байлар «өзімшілдік қалыпты жағдай десе», кедейлер «ол барып тұрған жек көрушілік» дейді.

3. Байлар істің адамы болғанды жақсы көреді. Кедейлер бір кереметті не жаңалықты күтеді.

4. Байлар болашақты ғана ойлауға тырысады. Кедейлер өткені мен бүгінін сараптаумен өтеді.

5. Байлар әр ісінен ләззат алып жұмыс істегісі келеді. Кедейлер өздеріне ұнамайтын жұмысты да істеуге мәжбүр.

6. Байлар ақшаны сақтауды және оны күтуді біледі. Ал кедейлер бәрін шашуға және жаратып тастауға асығады.

7. Байлар Жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін мамандыққа ғана сай жұмыс істеуге талпынады. Ал кедейлер бастысы «ақша болса болды» деген ұстаныммен жұмыс жасайды. 

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Мұхиттағы ең үлкен "қоқыс аралы" Франция көлемімен теңесті
Мұхиттағы ең үлкен "қоқыс аралы" Франция көлемімен теңесті
Абайдың шығармалары дүниежүзінің 10 тіліне аударылды
Абайдың шығармалары дүниежүзінің 10 тіліне аударылды
Израильде 1,5 миллион долларлық медициналық маска жасалды
Израильде 1,5 миллион долларлық медициналық маска жасалды
Тарихтағы ең ұзақ соғыстар
Тарихтағы ең ұзақ соғыстар
ER-BATYR. Мақсұт Жұмаев отбасылық құндылық пен тау шыңдарын бағындыру туралы айтады
ER-BATYR. Мақсұт Жұмаев отбасылық құндылық пен тау шыңдарын бағындыру туралы айтады
Абайдың мерейтойына орай монеталар шықты
Абайдың мерейтойына орай монеталар шықты