Табысқа жетудің төрт жоспары

Табысқа жетудің төрт жоспары
Фото: www.imparareavendere.com

Кез келген адам табысқа кенелуді ойлайды. Осы орайда практикалық психологтар мынадай нұсқауларды ұсынады. Оны қабыдау, қабылдамау әркімнің өз еркі. Кез келген арман – жоба. Сонымен жобамен жұмыс жасағанда немесе табысқа жету жолында 4 аспекті қарастырылады.

1. Мақсатты құру. Бұл кезеңнің басты сауалы төмендегідей:

Мен шын мәнінде нені қалаймын?

Бұл шабытты құру үшін қажет, бұл армандау кезеңі. Себебі, нақты нені қалайтыныңда білмесең, белгілі бір межеге жетуің белгісіз.  Адамар өз армандарына тыйым салып, өз мақсаттарына кедергі болып жатады. Көпшілігі, нақты мақсат қоюға да қымсынады. Өйткені, орындала ма, орындалмай ма деген сауал көкейінде тұрады. Сондықтан, ең әуелі мақсат қойып алыңыз.

2. Жобаны жүзеге асыру. Бұл әрекет ету жоспарын құру кезеңі, бұл жылжу қажет болатын жол. Жобаны жүзеге асырудағы басты сауал:

Менің бұған қалай қолым жетеді?

Бұл кезеңдегі басты қорқыныш – жеңілу қорқынышы. Адамдар өздерін басқалармен салыстыра бастайды. Сол салыстыру нәтижесінде жеңіліске ұшырайды. Ешқашан өзіңізді өзгемен салыстырмаңыз. Өз күшіңізге сеніңіз. Адам өз-өзін дамытқан сайын рухы мықты болады.

3. Түрткі (мотивация) Бұл жердегі ең басты сауал:

Бұл сізге неге керек?

Адамның ішкі мені ақыл айтып тұрады. Сол ақылға құлақ түріп дағдыланыңыз. Өзіңізге де, басқаларға да түңілудің қажеті жоқ. Түрткінің мақсаты – сіздің арманыңызға қарай жылжу. Өзіңізді және басқаларды түрткілеу ептілігі – кез келген адам үшін маңызды қабілет. Табысқа бір қадам жақындаймын десеңіз, мотивацияңыз мықты болсын.

4. Аяқтау. Бұл кезеңде мына сауалды қою өте маңызды.

Мен нәтижеге қол жеткізгенімді қалай білемін?

Бұл кезеңде адамда ішкі дау пайда болады. Өзгеге жалтақтаудың қажеті жоқ. Кісілігің қалмайды. Жетістік тек оза шауып бәйге алуда емес, адамдық қасиетті жоғалтпауда жатыр. Жетістік адамдықпен өлшенеді. Өз интуицияңыз щеберлігіңізге айналсын.

Табысқа жету үшін:

– Өз потенциалыңды біл.

– Өзіңе шектеу қойма

– Өзіңді мойындат

– Сезіміңді сыйла.

– Әдетке айналдыр

– Құндылықтарыңды таны

Ә. Жутаева