- Негізгі бет
- Жаднама
- Пікірге тәуелдісіз бе?...
Пікірге тәуелдісіз бе?
Адам өмірге келгеннен бастап, ес жия келе өмірді, айналадағы құбылыстарды тани бастайды. Есейе келе таным да, көзқарас та өзгереді. Уақыт өтуіне қарай адам да өзгереді. Біз көп жағдайда жанымыздағы дос-құрбыларымызды жақсы көргенімізбен, кейде олардан да көңіліміз қалып жататын кездеріміз жиі болып тұрады. Сондайда, екінші бір досымыздың ол туралы айтқан пікірі бізді иландырып тастайтыны бар. Тек ол емес, жалпылай алғанда біз біреудің пікірін тез қабылдап аламыз.
Сіз өз жолыңызбен кетіп бара жатсаңыз адамдар бұл жолдың дұрыс еместігін айтады. Олар әркезде небір ұсақ-түйекті айтатын болады. Айта берсін! Сіз өз жолыңыздан бақыт табуға тырысыңыз.
Пікірді қандай жағдайда қабылдау керек?
Пікірді қабылдау кезінде оның дұрыс-бұрыстығына, сіз үшін қаншалықты маңыздылығына баса мән беріңіз. Адам көбіне пікірге тәуелді боп қалғанын аңғармай қалады.
Қандай пікірді қабылдамау керек?
Өзгені балағаттайтын, өзгенің сенімі мен көзқарасын мансұқтайтын, көңіліне тиетін сөздерді қабылдамағаныңыз жақсы.
Қандайда бір ойыңызды жеткізерде өзгені даттаудан аулақ болғаныңыз жөн. Бұл сізге жақсылық әкелмейді. Керісінше, жеккөрінішті боласыз.
Дауласудан қашыңыз, бірақ өз пікіріңізді соңына дейін қорғаңыз.
Пікірге тәуелді болу – өз-өзіңізді жоғалту деген сөз. Бұндайда ішкі сенімділік керек. Өзіңізге, өз пікіріңізге деген нық сенім болуы қажет. Кез келген сәтте өз сөзіңізге жауап берерлік жағдайда болыңыз. Бұл ішкі сенімділікті күшейтеді.
Кез келген пікірді мейлі жақсы, мейлі жаман болсын, өзгенің көзқарасы ғана деп қабылдауды үйреніңіз. Егер ол дәл солай деп санаса, бұл сіздің тура сол сияқты ойлайтыныңызды білдірмейді.
Әр адам дүниені өзінше таниды. Ол – оның танымы. Сіздің танымыңыз оған ұқсамасын.
Тыңдап үйреніңіз. Өзгенің көзқарасына құрметпен қараңыз. Өз пікіріңізді өзгеге таңбаңыз.
Ж. Жұмағұлов