Павел Дуровтың жастарға айтқан ақыл-кеңестері

Павел Дуровтың жастарға айтқан ақыл-кеңестері
Фото: www.3dnews.ru

Әдетте белгілі, танымал тұлғалардың айтқан сөздері мен кеңестері ел арасына тез тарап жатады. Тіпті, ол кейбіреулердің өмірін күрт өзгертуі мүмкін. Әлемге танымал «Вконтакте» әлеуметтік желісі мен «Telegram» месенджерінің негізін қалаушы Павел Дуровтың жастарға ақыл-кеңестеріне назар сала отырыңыздар!

1. Өзіңе ұнайтын нәрсемен айналыс. Оқы. Үйрен. Дамы. Жан-дүниеңнен бастап өзгерт. Алтынға бергісіз қағида бар: өзің рахаттанатын шаруаны істе, сонда анағұрлым бақытты боласың.
Күн сайын жеп, ішіп, шегіп жүрген қоқыстарыңнан бас тарт.

2. Шет тілдерін үйрен. Интернет кеңістігінде орыс тілді қолданушылар саны 60 миллион болса, ағылшын тілділер саны миллиард. Қазір ағылшын тілін білу – еріккен интеллигенттердің шығарып жүргені емес, өмірлік қажеттілік болып қалады.

3. Кітап оқы. Тағы бір алтын қағида: аптасына жоқ дегенде бір кітап оқы не тыңда. Бір жылда өміріңді өзгертіп жіберетін 50 кітап оқисың деген сөз.

4. Әр демалысыңды пайдалы ғып өткіз.

5. Мақсат қой, оны қағазға, Word-қа немесе блогыңа түсіріп қой. Бастысы, мақсаттарың анық, түсінікті, өлшемді болсын. Егер мақсат қойсаң, оған не жетесің, не жетпейсің. Ал егер мақсат қоймасаң, оған жету мүмкіндігі болмайды.

7. Пернетақтаға қарамай басуды үйрен. Уақыт деген сендегі бар аз байлықтың бірі, сондықтан қалай тез ойлансаң, солай тез теруге тиіссің. Сен қай әріптің қайда екенін емес, не жазып отырғаныңды ойлануың керек.

8. Уақытыңды игер. Шаруаларыңды сенсіз де жүре беретіндей қылып басқарып үйрен. Алленді (Getting Things Done) немесе Глеб Архангельскийді оқып ал. Шешімді тез қабылда, кешіктірмей әрекет ет, кейінге қалдырма. Кез келген шаруаны не істе, не біреуге тапсыр.

9. Компьютер ойындарынан, әлеуметтік желілерде мақсатсыз отыра беруден, топас адамдарша интернетті беталды шарлаудан тиыл. Әлеуметтік желідегі қарым-қатынасты барынша қысқарт, бір-ақ аккаунт қалдыр. Пәтеріңдегі теледидар антеннасының көзін құрт.

10. Жаңалық оқуды қойып кет. Бәрібір негізгі оқиғаларды айналаңдағылар жаппай әңгімелеп отырады.

11. Ерте тұрып үйрен. Сондай бір парадокс бар, қалай десең де, ертеңгілік уақытта кешкілікке қарағанда жұмысты өндіріп істейсің. Адам жеткілікті түрде физикалық қимылмен айналысса және тамағы дұрыс болса, 7 сағат ұйқы әбден жетеді.

12. Тәртіпті, адал, ашық-жарқын, ақылды, табысты адамдарға жақын бол.

13. Спортпен айналыс. Йога, жартасқа өрмелеу, велосипед , турник, брусья, футбол, жүгіру, плиометрика, жүзу, функционалды жаттығу – бұлар денесін тәптіпке келтіруді қалайтын және эндорфинге қарық болғысы келетін стрессетен құтылғысы келетін) адам үшін таптырмас серік болады. Содан кейін жеделсаты, яғни, лифт дегеннің не екенін ұмыт.

14. Әдеттен тыс нәрсе істе. Бұрын болмаған жеріңді арала, жұмысқа барарда басқа жолмен жүріп көр, түсініксіз бір мәселені шешуге аралас. «Комфорт аумағынан» шық, дүниетанымыңды байыт. Үйіңдегі жиһаздарды ауыстырып қой, сыртқы сипатыңды, шашыңды, имиджіңді өзгерт.

15. Ыбырсыған заттарыңнан құтыл.

16. Өткен өміріңнен тәжірибе, білім, жақсы қарым-қатынастарды және жарқын нәрселерді ғана ал, қалған жайттарды ұмыт.

17. Қорықпа. Алынбас өткел деген болмайды, барлық күмән атаулы сенің миыңда ғана. Батыр болу міндетті емес, мақсатыңды анық көріп, кедергілерден айналып өтсең, сонсоң сәтсіздікке ұшырамай сол мақсатыңа жететініңді білсең болды.

Дерекккөз: zhasorken.kz

B. ZHAQSYMBET