Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Жаднама / Біз не үшін өмір сүреміз?

Біз не үшін өмір сүреміз?

Біз не үшін өмір сүреміз?

Әрбір тұлға ес біліп, ақыл тоқтатқанда өзіне қоятын сұрақтардың бірі де бірегейі – «мен не үшін өмір сүріп жүрмін?»

Адам дүниеге келгеннен кейін тағдырына жазылған ғұмыр жасы біткенше өзіне жүктелген «өмір сүру» деген міндетін атқарады. Бірақ бәрі бірдей емес, әркім әртүрлі атқарады. Байлар дүние-мүлікіне шалқып, кедейлер барымен базар болып күн кешеді. Бірақ бәрібір өмір сүреді. Сонымен біз не үшін өмір сүреміз? 

Адам болып жаралғаннан кейін өмір сүруге құқылымыз. Мыңнан бір мүмкіндіктің ішінен сіз, ешкім емес дәл сіз өмірдің есігін ашуға мүмкіндік алған болсаңыз, ендеше оны сүруге міндеттісіз. Ал оны сүруге деген құлшынысты бақытқа толтыратын өзіңіз.

Таңның атысы, кештің батысы бір әрекетті қайталай беруден аулақ болыңыз. Бұл сіздің өмір сүруге деген талпынысыңызды өлтіреді. Әр күннің өз жаңалығы, өз қуанышы мен қиындығы бар. Сіз соны күтіңіз. Ең жақсысын қолдан жасаңыз. Өйткені кедергісіз, ешқандай қиындықсыз, жеңіл өмір сүру абырой да, бақыт та әкелмейді. Қазақ сол үшін «еңбек етсең ерінбей тояды қарның тіленбей» дейді. 

Жүректің әмірімен өмір сүріңіз. Ақылдың бұйрығымен жүрмеңіз, бірақ құлақ асыңыз. Өйткені біздің өмір сүріп жүргеніміздің өзі жүрекке тікелей байланысты. Жүректі сақтаңыз әрі оны күнделікті бақытқа бөлеңіз. Шаттыққа толы жүректің қалауы сізді қалай өмір сүруге үйретеді. 

Өмірді сүрмеу керек, сүре білу керек. Бұл ең басты қағидаңыз болсын. Судың ағысымен қалқи беруге кез келгеннің шамасы жетеді. Бірақ қарсы жүзу – бұл ерлік. Ерлік жасау, тәуекелге бару арқылы сіз өмірдің әрбір сәтін жүрекпен сезіне аласыз. Ал әрбір сәттің мәнін аша білсеңіз, не үшін өмір сүріп жүргеніңізге жауап таба аласыз. 

Айналып келгенде бұл сұрақтың жауабын табу қиын. Әркімнің әртүрлі жауап айтуы да мүмкін. Бірақ өмірге келген екенсіз, оны сүру әрі бақытқа кенелу жолында әрекет етуге міндеттісіз. 

Сіздіңше,  біз не үшін өмір сүреміз?

3
Рейтинг: +2

Дайындаған: Марғұлан Ақан
Фото: anotherfinestep.org
Қосылған күні: 07 қазан 2016, 23:37

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.