Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Жаднама / Құрманың 10 түрлі пайдасы

Құрманың 10 түрлі пайдасы

Құрманың 10 түрлі пайдасы

Құрма – дәруменге бай жеміс түрі. Бұл жеміс көбіне Рамазан айында дастарханымыздан табылып жатады. Ал бүгінде ғалымдар дәруменге бай бұл жемісті жиі тұтынуға кеңес беріп отыр.

Көптеген халықтарда құрма қасиетті тағам саналады. Бұл жемістің екі-үш данасының өзі ағзаға өте пайдалы. Күніне 3 құрма жеп қана ағзаны қажетті микроэлементтермен қамтамасыз етуге болады. Дәрігерлер тіпті тәтті әрі зиянды кәмпиттерді құрмамен алмастыруға кеңес береді. Ал ғалымдар құрманы 2-3 жыл аштықта талғажау етуге болатынын дәлелдеп отыр. Бұл жемістің осы және өзге де пайдасы туралы айта кеткенді жөн көріп отырмыз.

1. Құрма – адамның асқа деген тәбетін жақсартып, жұмысқа деген қабілетін жақсартады.

2. Фруктоза мен глюкозаға бай бұл жеміс жүйкені тыныштандырып, ұйқыны қалыпқа түсіреді.

3. Ғалымдардың зерттеуі бойынша, құрманы көп жейтін адамдарда өкпедегі қатерлі дертпен ауру кемде-кем кездеседі екен.

4. Құрма құрамындағы магний бүйрекке тас жиналмаудың алдын алады. Сондай-ақ ағзадағы тұзды шығаруға көмектеседі.

5. Мәйегін жарақат алғанда немесе күйген жерге жақса, тез жазылады.

6. Дәрігерлер құрма жемісін тіс жиегі жиі қанайтын жандар мен туберкулез дертіне шалдыққанда көбірек жеуге кеңес береді.

7. Құрма – иодқа да бай. Қалқанша безінің қабынуымен ауырғанда бұл жемісті жеу-дертке дауа болады.

8. Қаныңыз аз болса, бұл жемістің өзінен немесе жапырағынан шай жасап ішуіңізге болады.

9. Құрма құрамындағы маносахрид жүрек бұлшықеттеріне пайдалы.

10. Құрма құрамындағы «А» және «С» дәрумені иммунитетті көтеріп, суықтаудың алдын алады.

Фото: assorti-recepti.ru
Қосылған күні: 13 сәуір, 09:55

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.