Есінеудің зиянды тұсы

Есінеудің зиянды тұсы
Фото: allpets

Есінеу — барлық адам мен жануарға тән қасиет. Адам есінеген кезде демалып, өзін жақсы сезінеді. Ағза есінеу арқылы адамның ұйқысы келгенін аңғартады. Қытайда есінеуге байланысты қызықты оқиға тіркелген. Қытайдың Ухань қаласының тұрғыны қатты есінеймін деп өкпесін жыртып алған. 

26 жастағы азамат ауыр хәлде қаланың орталық клиникасына жеткізіледі. Науқастың айтуынша, ол ұйқыдан оянған кезінде қатты есінегісі келіп, есінегеннен соң өкпесі шаншып, ауыра бастайды. Бұған аса қауіппен қарамаған жігіт біраз уақытқа шейін еш мән бермеген. Алайда дем алысы ауырлап, тынысы тарыла бастағаннан кейін амалсыздан жедел жәрдем шақыруға тура келеді. Ауруханада дәрігерлер науқасты ренгенге түсіріп, оның өкпесі жыртылып кеткенін анық көреді.

Дәрігерлердің есептеуінше, мұндай оқиға науқастың дене салмағының бойымен сәйкес келмеуінен болады екен.

С. Ерсін