Ағылшын тілін тез үйренудің жолдары – 2

Ағылшын тілін тез үйренудің жолдары – 2
Фото: vk.com

Кез келген адам шет тілін тез меңгеруді армандайды. Назарларыңызға осы мақсатқа жетуде көмекші болатын бірнеше кеңес ұсынамыз.

Басы

5. Балалар

Балаға тіл үйрету барысында адам жаңа сөздерді тез жаттайды. Сондықтан балаңызбен немесе іні-қарындастарыңызбен бірге тіл үйреніңіз.

6. Нақты мақсат

Кез келген жаңа істі бастауда алдыңызға нақты мақсат белгілеп алуыңыз керек. Тіл меңгеру барысында өзіңізге қандай талап қойдыңыз? Оларды орындаудың қандай жолдарын ойластырдыңыз? Бәрі-бәрін қағаз бетіне түсіріп, нақтылаңыз. Мақсаты жоқ іс ұзаққа жетпейтінін естен шығармаңыз.

7. Қайталау

Ағылшын тілінде жаңалық қарай отырып, диктордың сөйлеу мәнерін ғана емес, ым-ишарасын қайталауға тырысыңыз. Сонда сіз тілді пайдалану барысында өзіңізді жайлы сезіне аласыз.

8. Қателіктер

Қателесуден қорықпаңыз. Ағылшын тіліндегі бір сөйлемде сөздердің орнын ауыстырып айтсаңыз да сұхбаттасушыңыз түсінеді. Сондықтан онда тұрған ештеңе жоқ. Бұл сіздің ана тіліңіз емес болғандықтан, қателесуге хақыңыз бар. Қателерді түзеу арқылы, сүріну арқылы ғана мақсатқа жете аласыз. Дұрыс сөйлеуді үйренесіз.

Міне, шет тілін үйренуге осы сегіз кеңес көмектеседі. Іске сәт!

Ф. Абилова