30 секундтық тест

30 секундтық тест

Қағаз бен қалам дайындаудың керегі жоқ. Тек сұрақтарға іштей жауап беріп, жалғасын оқи берсеңіз болды. Жауап бере алмасаңыз, келесі сұраққа өтіп кете беріңіз.

  1. Дүниедегі ең бай адамнан 5 кісінің атын атап беріңіз;
  2. Жақынғы жылдары Нобель сыйлығын алған 5 кісіні атап беріңіз;
  3. «Пресс» ақпарат сыйлығын еншілеген 5 журналисті атап беріңіз;
  4. Жақын жылдары Оскар сыйлығын еншілеген ең жақсы ер актер мен ең жақсы әйел актерді атап беріңіз;

Бұл сұрақтарға жауап бере аласыз ба?

Бәлкім сіз бұл атақты адамдарды есіңізге сақтай алмауыңыз мүмкін. Еш оқасы жоқ. Ол тек белгілі бір салада табысқа жеткен адамдар ғана. Оларға берілген марапаттар мен алқаулар жылдар өте келе ұмыт болады. Елдің есінен көтеріліп кетеді.

Ендеше, осы да сынақ болып па деп ойлап отырған боларсыз. Асықпаңыз, тест енді басталады.

Дайынсыз ба?

  1. Сізге ең көп тәлім беріп, білім үйреткен 3 оқытушыңыз есіңізде ме?
  2. Ең қиын сәтте көмектескен 3 досыңызды атап бере аласыз ба?
  3. Сізге мән-мағыналы істермен айналысуды өз іс-әрекеті арқылы көрсетіп, әсер қалдырған адамдардан 5-еуін айтып бере аласыз ба?
  4. Ең бақытты сәтін сізбен бірге өткізуді қалайтын 3 адамды атап беріңіз.

Қалай? Сұрақтар оңай ма? Бұл сұрақтарға жауап беру немесе бермеуіңіз маңызды емес. Бастысы сіздің бұл сынақтағы сұрақтардан қандай әсер алғаныңыз, нелерді ойға алғаныңыз...

Біздіңше, адамның жеке басына ерекше әсер етіп, өміріне өзгеріс енгізетін адамдар атақ-даңққа бөленіп, елдің алдында жүргендер емес. Қайта біздің айналамызда, бізбен бірге өмір сүріп жүрген адамдар...

Сурет: teplitski.ru

M. Auelkhan