- Негізгі бет
- Жаднама
- АҚШ-та қорқынышты психологиялық...
АҚШ-та қорқынышты психологиялық сынақ өтті
АҚШ-та аса үрейлі «Аяқ астынан байып кетудің оңай жолы» атты псхологиялық сынақ жүргізілген. Сынаққа тек бір рет қатысып жеңімпаз болған адам бір-ақ күнде мол ақшаға ие болады деп ақпарат таратылған.
Дыбыссыз, жарықсыз, дүниеден мүлде оқшауланған тәжірибеханаға жайлы төсектер, жетерлік дәрежеде дәмді тағамдар қойылды. Сыннан өтемін деген адам осы қауіпсіз бөлмеде төрт тәулік — 96 сағатты тыныш өткізуі керек болды.
Бостон университетінің бірнеше студенті сынаққа қатыспақ болып тізімделді.
Соңы не болды дейсіз ғой? Олардың бәрі де екі күн болмай жатып «Бір тиынның да керегі жоқ, шығарып жіберіңдер!» деп күйіп-пісіп, қабырғаны ұрғылай бастады. Олар күннің жарығын қайта көрген кезде есінеп, есеңгіреп, басы ауған жақтарына қарай жүре берді. Ең қорқыныштысы – көпке дейін қалыптарына түсе алмай қойған.
Сурет: plus.google.com
M. Auelkhan