- Негізгі бет
- Жаднама
- Жазуды күнделікті әдетке...
Жазуды күнделікті әдетке айналдыру үшін не істеу керек?
Күн сайын жазуды дағдыға айналдырудың тамаша тәсілдері бар. Біз сіздерге бүгін соның ең тиімді жолдарын ұсынамыз.
1. Күнделікті жазу үшін өз-өзіңізбен келісімге келіңіз. Басым көпшілігі аптасына бірнеше рет немесе бір рет жазуға тырысады. Мұндай жолмен күнделікті жазу қалыптаспайды. Оның орнына өзіңізге: "Мен күн сайын жазамын", - деп уәде беріңіз. Және осы сөзіңізді ұмытпаңыз.
2. Жазу үшін арнайы уақыт бөліңіз. Бұл өте маңызды. Аз уақытыңызды жазуға арнамасаңыз, кірісіп кету қиынға соғады. Басқа нәрсеге алаңдамау үшін таңертең жазған ыңғайлы. Ал егер көпке дейін ұйқыңыз келмесе, түнделетіп те жазуға болады. Егер қатты шаршамасаңыз.
3. Аз-аздан бастаңыз. Осыны айтатынымызды білген шығарсыз. Алайда бұл да өте маңызды. Күніне 1000 сөз немесе басқалай жазып қажеті жоқ. Ең бастысы - күнделікті жазуды бастасаңыз болғаны. Қалай әдетке айналдырасыз, солай жиі-жиі жазасыз. Ал әзірге бастаңыз.
4. Блог. Қойын дәптерге немесе текстік файлдарға өзіңіз үшін жаза аласыз. Бірақ біз блог бастауды ұсынамыз. WordPress.com және Tumblr-дан тегін аккаунт алып жаза бастаңыз. Неге блог? Себебі блог дүниетанымыңызды кеңейтіп, күн сайын жазуға көмектеседі. Бұл оңай емес әрине, дегенмен көріңіз. Уақыт өте келе сіздің оқырмандарыңыз пайда болады.
5. Кедергі келтіретін заттардың бәрін алып тастаңыз. Жазушылар алаңдайды. Қашанда шұғыл шаруалары шығып тұрады. Сондықтан жазуға кедергі келтіретін барлық заттарды алып тастау керек. Әлеуметтік желілерді қоя тұрып жазған дұрыс.
Бұның бәрі бастапқыға қажет заттар. Болашақта өзіңіздің ойыңызды оқырмандармен бөлісіп, тығыз қарым-қатынаста боласыз. Ал қазір бастап кетсеңіз болды.
Сурет: stylishone.ru
Ж. Исакаев