Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол МОЛДАЖАН

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Жаднама / Адам сағат сайын өзгереді

Адам сағат сайын өзгереді

Адам сағат сайын өзгереді

«Ерте тұрған жігіттің ырысы артық, ерте тұрған әйелдің бір ісі артық». Кез келген адам таңнан кешке дейін неғұрлым көп жұмыс атқарып, барлық нәрсеге бірдей үлгеріп, тиімді жұмыс жасағысы келеді. Әрине, ол үшін адам ең алдымен өзінің физикалық және интеллектуалды қабілетін білуі шарт. Осыған орай біз сіздерге адамның бір күнде қандай қалыпта болатыны туралы мәлімет бермекпіз.

Таңғы сағат 6 -7. Адамның ұзақ есте сақтау қабілеті белсенді түрде жұмыс жасайды. Осы кезде қабылданған барлық ақпарат есте жақсы сақталады.

Сағат 8-9 – логикалық ойлаудың іске қосылған кезі. Кез келген істі талқыға салып, тиімді шешім шығаруға қолайлы.

Сағат 9-10 – статистикалық жұмыстар мен ақпарат жинау процесіне ыңғайлы кезең. Әдетте, бұл уақытта адам есеп-қисапқа қабілетті келеді.

Сағат 11-12. Адамның интеллектуалды қабілеті межесінен төмен қалыпта жұмыс атқара бастайды. Назардың барлығын сүйікті іске арнаған жөн. Мысалы, музыка тыңдау, серуендеу т.с.с.

Сағат 12-14.00 – түстенуге арналған уақыт. Бұл уақытта ішкен ас денеге жақсы сіңеді. Адамның көңіл-күйі жоғарылайды.

Сағат 14-18.00 – жоғары деңгейде жұмыс істеуге қолайлы уақыт. Одан кейін адам өзін шеттен тыс артық жұмыс жасауға мәжбүрлейді. Адамды ұйқы басады. 

Сағат 18.00- 21.00. Күні бойы қимыл іс-әрекеті есебінен, адамның физикалық күші әлсіреп, жұмыс жасауға зауқы соқпайды. Алайда, бұл уақыт аралығында адамның тәбеті ашылып, ауқаттанып алғаннан кейін күш-қуаты бойына қайта жинақталады. Көңілі көтеріліп, әзілге құмартады.

Сағат 21.00 – 23.00. Адамның жүйке жүйесі мен дене бұлшық еті босаңсып, тынығуға алғышарттар жасайды.

Сағат 23.00 – 1 – күш-қуаттың қайта қалпына келу үрдісі. Бойдағы бүкіл жаман энергия жойылады. Ол Қытай медицинасында «ци», ал үнділерде йога тілімен «прора» деп аталады.

Сағат 1 – 3 – адамның физикалық және эмоциялық күші қайта қалпына түседі. 

Оқи отырыңыз: 
Сурет: never-giveup.info
Қосылған күні: 11 қараша 2014, 18:00

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.