Ақылдылар алжымайды

Ақылдылар алжымайды

Ой еңбегімен айналысқандардың ақыл-есі сол қалпында сақталады

Адамның дұрыс қартаюы миға да байланысты деген пікір айтады ғалымдар. Ғалымдар ой еңбегімен айналысатындардың өмірлерінің соңына дейін ақыл-есінің бүтін болатынын  алға тартады. Ал білімі аз, қара жұмыспен шұғылданғандар қартайған кезінде алжып кететін көрінеді.

Оған дәлел - француз жазушысы Бернер Фонтенель - 100, Зигмунд Фрейд - 83, Карл Густав Юнг - 86, Эрих Фром - 80, Виктор Франка - 92 жас өмір сүріп, ақырғы деміне дейін ой еңбегімен айналысқан. Белгілі жазушы Агата Кристи 80 жасына дейін ой еңбегімен шұғылданып, жемісті еңбегі үшін Британия Королевасы оны "Командор" орденімен марапаттаған. Мұнан кейін де Агата Кристи қызықты романдар жазып, өмірінің соңына дейін тамаша туындыларды дүниеге әкелген. 

Балтимор және Сиэтл есімді ғалымдар 40 жылға жуық алты мың адамның қалай қартайғанын арнайы бақылаған екен. Сонда анықталғаны - кез-келген адам ақыл-ойын ғана емес, денесінің де қартаюына жол бермей шыныға алатын көрінеді. Ол үшін миды терең ұйқыға жібермей, білімін де жетілдіріп, интеллектісі жоғары адамдармен қарым-қатынаста болу керек.

Әсіресе, отбасындағы ерлі-зайыптылардың біреуінің ақылды, оқыған-тоқығанының көп болғаны өте жақсы. Оның жанындағы жұбайына да әсері мол. Көп қимылдаған, спортпен шұғылданған қарттарда да жаңа ми жасушалары молаяды, қарттықтың келуі кешеуілдейді. Қартайған шақта естелік кітап жазу да миды жақсы жұмыс істетіп, ақыл-есті сол қалпында сақтауға, көп жасауға жәрдемдеседі.

Сурет: baq.kz

Ж. Исакаев