Күнделік жазу тәртібі

Күнделік жазу тәртібі

Адам өз-өзін дамытуды бастамас бұрын, әртүрлі ұсақ-түйектерді түгендеп алу керек. Ондай заттардың бірі - күнделік. Егер сізде күнделік дәл қазір бар болса, ол өте жақсы. Сіздің қаншалықты табысты және мықты екеніңіз осыдан көрінеді. Күнделік жазуға байланысты біраз ұсыныс бар.

1. Күнделіктің жоғарғы шетіне айдың атын жазамыз. Бұл жазбаның астына атқаратын жұмыстар жазылады. Одан соң ерекше белгілерді орналастырамыз. Ерекше белгілер жасаған жұмысты бағалау үшін қолданылады. Белгі ретінде қарапайым "+", "-" сияқты таңбаларды алуға болады. Белгілі бір жұмысты атқарып болған соң, ойланбастан "+" таңбасын қоямыз. Ары қарай осы ретпен жалғаса береді. 


2. Жұмысты атқара алмай қалған болсаңыз, себебін міндетті түрде жазып қойыңыз. Жазбай қалдырып кетсеңіз, атқарылмаған жұмыстар жиналып қалады. Одан соң оларды бір ретке келтіру оңай болмайды. Бұл бөлімге ерекше назар аудару қажет. Бір істі аяқтамай тұрып, екінші іске кірісуге болмайды.  

3. Бәсекелес табыңыз. Жұмыста жақсы табыс тапқыңыз келеді, бірақ ондай орын бос емес. Сондықтан белгілі бір тұлғадан кем емес екеніңізді жазу үшін күнделіктің беттерін аямаңыз. Әр күн сайын ол адам онша ескермей жүрген жұмыстарды атқаруға тырысыңыз. Маңызы аз нәрселермен күнделікті ластаудың қажеті жоқ деген сөздерге мән бермеңіз. Бұл бөлім өз-өзіңді дамытуда бірегей әрі әмбебап бөлім болып табылады.

4. Бұрын жазған жазбаларыңызға қарап қойыңыз. Іс-әрекетіңіз қаншалықты дұрыс және мәнді болғанын сарапқа салыңыз. Табысты үлгілер ешкімге жамандық әкелмейді. Өз ісіңізден өзіңіз сабақ ала отырып, күннен-күнге белсенді әрі жігерлі бола бастайсыз. 

5. Атқаруға тиіс жұмыс қаншалықты маңызды? Мысалы, сіз досыңызбен бірге киноға бармақшы болдыңыз, бірақ бара алмай қалдыңыз. Себебі, сол киноның дискісін сатып алып көру сізге ыңғайлы болды. Күнделікке жазылған жұмыстың осылайша атқарылмай қалуы дұрыс емес. 

6. Жаңа жыл басталғанда жаңа күнделік бастағаныңыз жөн. Бұл атқаруға тиіс жұмыстардың арасында шатасып кетпеу үшін қажет. Сонымен қатар, жаңа нәрсе жаңалық алып келетіні белгілі.

7. Күнделіктегі жазбаны немесе күнделіктің өзін ашу үстінде жыртып тастамаңыз. Барлық адам қателеседі, сосын кінәліні іздейді. Кінәлі адамды таппағандықтан күнделікті жыртады. Бұл өте қайғылы жағдай, себебі күнделік - сіздің арман-тілектеріңіздің жаршысы, өміріңіздің бір бөлшегі. Мұны адамдар ашуы басылған соң ғана түсінеді. 

Дайындаған: Гүлнұр Бақытбекова

Сурет: vipnotes.ru, huree.ru

Г. Бакытбекова