- Негізгі бет
- Жаднама
- «P.S. Мен сені...
«P.S. Мен сені сүйемін» кітабынан алынған дәйексөздер
Жуырда өзімнің сүйікті авторым Сессилия Ахерннің «P.S. Мен сені сүйемін», «Сенбеймін. Үміттенемін. Сүйемін» деген екі кітабын оқыдым. Ішінен ұнаған дәйексөздерді теріп алып, сіздерге ұсынуды жөн көрдім.
Естелік дегеніміз – тамаша дүние, бірақ олардың дәмі мен иісі болмағандықтан, қолмен ұстап көруге болмайды. Уақыт өткен сайын олар әлсірей бастайды.
Сол баяғы бірдей жұбататын сөздер мен шегі жоқ шағымдар. Бірақ бәрібір соңында жалғыз қалып, сол қиындықтармен бетпе-бет жүздесесің.
Айналадағылардың барлығы да өте маңызды әрі қызықты істермен айналысып жатқанда ол қыз бар болғаны бір күннің аяқталып, екіншісінің басталуын күтеді.
Өлім ешкімге аяушылық танытпайды. Кеткен адамды қайтару мүмкін емес.
Олар өмірден ерекше бір нәрсе сұраған жоқ. Бар болғаны бірге өмір сүргісі келді.
Махаббаттан тығылудың орнына оныменен бірге өмір сүріп үйренуіміз керек.
Қалаған уақытыңда сүйіктіңді құшақтай алу – қолжетпес бақыт.
Айды көзде. Мүлт кеткен жағдай да жұлдыздардың арасында қаласың.
Өзіңді сүйген жанға ғашық болу – таңғажайып оқиғамен тең.
Менімен... әр түрлі – мен жалғызбын. Мен шаршағанмын. Мен көңілсізбін. Мен қуаныштымын. Мен бақыттымын. Осы жағдайлар күн сайын алма- кезек ауысып отырады. Бірақ, барлығы да өз орнында деген үміттемін. Бұл да – мен туралы.
Өмір тек таңғажайып сәттерден құралуы мүмкін емес. Әйтпесе олар таңғажайып болуды доғарып, қалыпты күндердің біріне айналады.
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет авторы: Yerlan Kidirov (өңделген)
Қ. Бүйенбай