- Негізгі бет
- Жаднама
- Даршын майы: құрамы,...
Даршын майы: құрамы, қасиеті мен пайдасы
Бірнеше тамшы даршын эфир майы көптеген ауруларды емдеуге септігін тигізіп, адам бойын сергектік пен шаттыққа бөлейді.
Даршын майын пайдалану тәсілдері
Даршын эфир майын Мадагаскар, Сейшель аралдары, Үндістан мен Шри-Ланкада өсетін қоңыр ағаштың жапырағынан, ағаш қабығынан алады. Майдың бұл екі сұрпы да даршынға тән татымды, білінер-білінбес қалампыр сарынды хош иіске ие. Бірақ олар түсі мен химиялық құрамы жағынан әртүрлі. Ағаш қабығынан алынған май – қоңыр, ал жапырақтан алынған май – алтын-сары түсті болады.
Екі негіз де қоңыр альдегидтен тұрады. Бұл элемент тітіркендіретін, ал кейбір жағдайларда уытты қасиеттерімен танымал. Оның құрамында сонымен қатар эвгенол бар – фенол класының заттегі. Бұл антисептиктер мен анальгетик құралдарының дәстүрлі компоненті болып табылады. Эвгенол сонымен қатар парфюмериялық өнідірісте де пайдаланылады. Ағаш қабығынан синтезделетін эфир майы, 70% қоңыр альдегидтен тұрады. Жапырақтан алынған майда эвгенол 80-90%-ға басымырақ, ал қоңыр альдегиддің мөлшері аз – 5%-ға жуық.
Үй жағдайында түрлі сырқаттарды емдеуге, денсаулықты жақсартуға, бет терісі мен шаш күтіміне фитотерапевтер даршын жапырағының майын қолдануға кеңес береді. Сондықтан, осы майды сатып аларда неден жасалғанын біліп алған жөн. Пайдаланғанда міндетті түрде нұсқаулықтағы кеңестерге құлақ түріңіз. Қоңыр май, әсіресе ағаш қабығынан алынғаны зарарсыз бола бермейді. Ароматерапияда ол ең басқыншыл және жоғары аллергенді өнімдердің бірі болып саналады.
Даршын майы көбіне таза күйінде ешқашан пайдаланылмайды. Оны басқа да эфир майлармен: апельсин, шырша, арша, қалампыр, пачули, түймедақ, жаужапырақ, ащы жалбызбен араластыру қажет. Сонымен қатар негізгі майлар – мысалы, бадам, шабдалы майлары да жарайды. Қалауыңыз бойынша негізгі майларды бал немесе қаймағы алынбаған сүтпен алмастыруға болады. Даршын майы көбіне сырттай пайдалануға арналған және өте сирек ішке пайдаланылады. Бұл мақсатта өте жоғары сапалы өнім қолданылады, оның сыртында «I» (Internal) деген белгі болуы қажет.
Даршын майын жүктілік кезінде, эпилепсия, сонымен қатар жеке қабылдай алмаушылық кезінде қолдануға тыйым салынады.
Даршын майының пайдасы
Құрамындағы эвгенол, қоңыр альдегид, илік зат, крахмал мен қарамайдың арқасында даршын майы өзін антибактериалды, қышымаға қарсы, микробтарды өлтіретін, тұтқыр, қыздыратын және жалпы әлдендіретін құрал ретінде өзін көрсете алды. Оны суық тию кезінде, тұмау, кейбір жұқпа аурулары кезінде болатын жағымсыз белгілерді жеңілдету үшін пайдалануға жақсы. Сонымен қатар оны тері аурулары: қышыма жұқпасы, папиллома, сүйел, қышыма бөртпе кезінде жиі пайдаланады.
Даршын майы табиғи антидепрессант және тамаша сергітетін құрал болып саналады. Егер қажып, шаршап, әрдайым стресстік жағдайларда жүрген болсаңыз, даршын майы қосылған ванна қабылдауды әдетке айналдырыңыз немесе даршын эфир майын арнайы аромашамға тамызып, иіскесеңіз болады.
АҚШ-тағы Wheeling Jesuit University зерттеушілері тәжірибе кезінде даршын иісі бас мидың белсенділігін арттыратынын дәлелдеген. Даршын майының хош иісін жиі иіскеген зерттеу қатысушылары когнитивтік қасиеттерін – зейін қою, есте сақтау, көру, сонымен қатар моторикасын жақсартқан. Зерттеу қатысушылары барынша сабырлыққа бейім бола бастағандарын атап айтқан.
Даршын майы ас қорыту жүйесін жақсартып, асқазан сөлінің бөлінуін қамтамасыз етеді. Ол құрысуды кетіріп, ішек жұқпасы, колит, асқазан жарасы, іш өту, іш кебу кезінде жағдайды жақсартуға атсалысады.
Спортпен шұғылданғанда пайдаланылатын қыздырғыш майлардың көбі осы даршын майының негізінде жасалған. Мұндай құралдар бұлшық етті алдағы күш түсіретін жаттығуларға дайындап, жарақат алуға жол бермейді. Сонымен қатар даршын майы жарақаттар мен ревматизмге қарсы препараттарда пайдаланылады.
Сурет: vitaportal.ru, maska-maska.ru
Дайындаған: Анар Мұстафина
A. Mustafina