Сиқырлы тастар мен минералдар

Сиқырлы тастар мен минералдар

Адамзаттың табиғат және таспен ажырамас байланыста екені ертеден белгілі. Тастар мен минералдар – бұл табиғаттың ғажап сыйы мен әшекей бұйымға арналған зат қана емес. Тастар түрлі пайдалы қасиеттерге ие. Адамдар әр заманда асыл тастардың алапат әрі сырлы қасиетіне ерекше ықыласта болған. Тас немесе минералдың күші адам азғзасына түгелдей және әр мүшесіне бөлек әсер ете алады. Дұрыс таңдалған тас көптеген аурулардан емделуге көмектеседі. Әр тас тек өзіне лайық және адамды қорғай алатын қасиетке ие.

Тастар мен минералдар адамның әрекетіне қайырымды, ал кейде тіпті өкпешіл болады, және әділетсіздікке жауап ретінде түсін өзгертуі мүмкін. Кез келген тасқа құнттап қарау керек. Тасты жақсы көру керек. Тас адам үшін ерекше, ғажап, жақын және қымбат зат болуы тиіс. Оған лайықты құрмет көрсеткенде ғана ол барлық оң қасиеттерін жаудырады. Минералдар емдік қасиеттердің энергетикалық тербелісіне ие екені мәлім. Белгілі бір аралықтарда тастар өзінің сиқыршылық қасиеттерін көрсете бастайды.

Тастың әсері оның тазалығы мен бүтіндігіне байланысты анықталады. Шытынаған, ақауы бар, қабыршықтанған тастар жағымсыз әсерге ие. Тасты үлкен ыждаһаттықпен таңдау керек. Оның қайдан шыққанына мән беріп, иесіне қалай келгенін сұрастыру қажет. Ұрланған тастар үлкен бақытсыздық әкелуі мүмкін. Егер тас сатып алынған болса, оның күші біраз уақыттан кейін ғана ене бастайды. Тасты сізге біреу сыйлаған болса немесе мұрагерлікке қалса, онда ол өз қасиетін ерте көрсете бастайды.

Тасты қалай таңдау керек?

Бейсаналы түрде өзіңіз ұнатып тұрған тасты алыңыз. Асыл тастардың тілі – бұл сезім тілі деген ұғым бар. Тасты ұстағыңыз келсе, таққыңыз келсе, түсі мен пішіні сізді әрекет етуге итермелейтін болса, онда бұл сіздің тасыңыз.

Белгілі бір тас қана сізге күш-қуат беріп, сол уақытта болып жатқан оқиғаларға оң әсер ете алады. Бірақ келесі жылы бәрі өзгеруі мүмкін. Бүгін сізге жасыл тас ұнап тұр, өйткені сізге тыныштық, сабырлық қажет. Бір аптадан кейін сізді әрекет етуге шабыттандыратын қызыл түсті тас ұнауы мүмкін.

Тас өз «жұмысын» атқарып болған соң, оған ризашылық білдіру керек. Одан кейін оны қажетсініп жүрген адамға сыйлауға не болмаса бере тұруға болады.

Тас таңдап жатқанда оның қуатын қолыңызбен сезіп көруге тырысыңыз. Ол үшін әр тастың тұсына қолыңызды көлденең қойып, олардан бөлінетін жәнен бір-бірінен ерекше «тербелісті» сезініп көріңіз. Тастардың табиғи электр зарядын қоздыру үшін қолыңызбен үйкелеп жіберуге де болады. Ең бастысы өзіңіздің түйсік сезіміңізге сеніңіз. Тас сізге оң ықыласын білдіргендей болса, оны өзіңізге алыңыз. Біреудің ұсынысы немесе кеңесімен емес, өзіңіз таңдағандықтан өте құнды болады.

Тастан жасалған бұйымдарды тұмар ретінде пайдаланғандар да көп болған. Мысалы, мысырлықтар адам көзімен пішіндес көк тасты сиқырлы деп білген (көк тас парасаттылық тасы). Тас скарабейін мөр ретінде пайдаланып, тұмар етіп таққан. Олар ажалсыздық, қайта тірілу, жаңару символы болған. Скарабей түріндегі тұмарларды күлгін тастан жасаған. Ежелгі Грекияда да тастан жасалған тұмарлар өте көп болған.

Сурет: astrowoman.net, www.seferisrael.co.il

Дайындаған: Анар Мұстафина

A. Mustafina