- Негізгі бет
- Жаднама
- Жұмыстағы жалқаулықты жеңуге...
Жұмыстағы жалқаулықты жеңуге 6 кеңес
Өзіңізді мүлдем істен алшақ сезінетін кездер болатын шығар. Жұмыс жасауға көңіл-күй жоқ па? Не істеу ләзім?
Жалыққан жалқау көңіл жұмысыңызда ғана емес, үйіңізде де орнап алуы мүмкін: лас бөлмеде мониторға үңіліп, ас-ауқат жасап ішудің орнына. Тұшпара дайындап отырған боларсыз.
Жұмыс пен үйде жалқаулық тәртіп орнатпасын десеңіз, төмендегі алты кеңеске құлақ түріңіз.
1. Тазалайық
Жұмыс үстеліңізде тәртіп орнап тұрғанмен, жұмыс күнінің ортасына қарай, майда-шүйделер, оның ішінде қағаз, құжаттар, қаламсап мен кофе қалдығы орнап алуы бек мүмкін. Мұндайда жұмысқа зауқыңыз соқпаса, алғашқты істейтін ісіңіз - үстелді жинастыру.
Шашылып жатқан заттар ойыңызды бөлуі мүмкін ғой. Егер сіз оны елемеген болсаңыз да, жинастыру кезінде ақыл-ойыңызды тиянақтылап алуға тамаша бастама болмақ.
Үйде де дәл солай, егер сіз өзіңізді бір іске итермелей алмасаңыз, бастапқы істі жинастырудан бастаңыз: ыдыс-аяқты жуып, көрпені жинап, қоқысты шығарыңыз: әдетте бірінші бастаманың өзі көп нәрсеге түрткі болып жатады.
2. Шағын істерден бастаңыз
Әдетте керісінше кеңес беріп жататындар бар - белгілі бір істің ең қиыны мен ең күрделісінен бастау қажет деп. Ал бізде басқалай жағдай орнаған соң және жұмыс өнімділігі күрт төмендеп кеткен соң, қиын істер бізді мүлдем тоқыратып тастауы мүмкін.
Шағын істерді атқарып, іс құрған тізімге белгі қояйық. Мысалы, жұмыс үстелді жинастыру және күндік межені артығымен орындау. Бір істі біткен болсақ, көңіл-күйіміз көтеріліп, күрделі істермен күресуге әбден болады. Жеңіл тапсырмалар бізге дене қыздырып алғанға жарар, артығымен шұғылданып кетуе тағы болмайды. Мұндайда 2-3 тапсырманың өзі жеткілікті.
Тапсырманың бірін таңдаңыз
Сонымен, сіз қыздырынып тұрсыз делік, енді бастысы - нәтижені сақтап қалу. Әлеуметтік желілер мен тағысын басқа дүниелер сізді жаулап алмасы үшін, оларды өшіріп, не болмаса көзден тасада қалдырыңыз. Сіздің ісіңізге еш қатыссыз болса, түпкілікті құтылған дұрыс.
Дәл қазір жасалуы тиіс бір тапсырманы алайық, оны бір жапырақ қағазға жазып алып, компьютер бетіне жабыстырып қойдық. Көз алдымызда тұрған соғ, бастауға бел будық.
Аяқтаған соң, келесісін жаздық, басқа іске бұрылуға мұрсат жоқ.
Орын ауыстырыңыз
Жұмыс орныңыз жалқаулықтың ордасы емес пе?! Сұрайын дегенім, өнімділікке кері әсерін тигізетін шығар. Онда орныңызды ауыстырып көріңіз. Мәселен, ноутбук алып, келесі бөлмеге еніп кетіңіз, не болмаса көшеге қыдырыстап қайту дегендей (ауа-райын ескеріп, қылтимаға да шығуға болады). Оның үстіне, қалған уақытты қалай жұмсауды ойластырып алуға қолайлы мүмкіндік.
Мұның көмегі үйде де тимек: жайымен көшеге қыдырып шығып, дүкеннен өзіңізге бір нәрсе сатып алыңыз. Үйге жоспарлы дайын іспен қайтып ораларсыз.
5. Өзіңізге уақыт шектеңіз
Белгілі бір іспен айналысам деп шешім шығарсаңыз, 15-минутқа өзіңізге таймер қойыңыз: уақыт шектеулі болғанда, толығымен бір іске кірісіп кетесіз. Төрт сағатта күндік жоспарды орындап тастауға мүмкіндік табылады.
15 минуттық тұрақтылықпен жұмыс істеудің қаншалықты тиімді екенін көрген кезде, таңғалатын шығарсыз. Жұмысыңыздың сәтті жүруіне оның өз үлесі тимек.
* * *
Кеше, бүгін қаншалықты аз іс тыңдырмаңыз, позитивті көңіл-күйді сақтап қалуға тырысыңыз. Атқарған ісіңізге қарап, ертең артығымен орындаймын деп уәде беріңіз. Дұрысы, ертеңгілік істің бәрі шоғырланған, қалыс қалмаған күн жоспары қажет.
Дайындаған: Әкежан Дәкен
Сурет: moikompas.ru
Л. Лига