Жігітімнің туған күніне тілек

Жігітімнің туған күніне тілек

Бүгін сенің туған күнің жарығым! Сені туған күніңмен мен емес, жүрегім құттықтайды. Өйткені осы жүрегім күні-түні үздіксіз сенің атыңды айтып соғады. Мен сенімен мәңгі бірге болғым келеді. Сен секілді серінің ханшайымы болғаным үшін бақыттымын!

 ***

Жаным! Бүгін сен үшін де, мен үшін де ерекше күн. Бүгін сенің туған күнің! Бұл күнді ұзақ күттім, өйткені көз алдымда бір жасқа есейесің. Саған мәнді ғұмыр тілеймін!

***

Туған күніңмен, жаным! Сен менің бүкіл өмірімді түбегейлі өзгерттің. Жүрегімде төңкеріс жасадың. Бүгін саған өмірдің бар асылын тілеймін, өйткені сен бар жақсылыққа лайықсың!

***

Сенің осылай бүкіл болмысыңмен ақтарыла күлуің үшін туған күн жылына бір рет емес, күн сайын болса ғой, шіркін! Туған күніңмен!

***

Жаным! Сенің бойыңнан мықтылықты, табандылықты, сабырлылықты көрдім. Біреу менен "Нағыз ер адам кім?" десе, сөзсіз сені атар едім. Және ол адам да менің ойыма қосылатынына сенімдімін. Сен жанымда болғанда, мен аптап ыстықта алып теректің саясында отырғандай күй кешемін. Туған күнің құтты болсын!

***

Осыған дейін сезімімді жүрегімнің түкпіріне сақтап келсем, бүгін ол сырымды құпия ғып сақтауымның еш мәні жоқ секілді. Өйткені бүгін сенің туған күнің! Саған деген сезімімді қалай айтсам да, жеткізе алмаспын. Бастысы – сен деп бүкіл алпыс екі тамыры соғып тұратын бір арудың бар екенін ешқашан ұмытпа. 

***

Жаным, сенің қандай асқақ арманның иесі екеніңді білемін. Дұрыс армандау кез келген адамның маңдайына жазылмаған. Ал сенің арманың өзгеше. Сол арманыңның орындалып, өмірден өзің қалаған сыбағаны еншілеуіңе шын жүректен тілектеспін! 

Дайындаған: Ұшқын Сержанқызы

Сурет: favim.ru

М. Оңғарова