- Негізгі бет
- Жаднама
- Қиындық қақтығысы...
Қиындық қақтығысы
Әлем заңдылықтары еш шүбәсіз, бір мінсіз. Біздер оны әрқашан дұрыс түсіне бермейміз, әруақытта дұрыс қолдана да бермейміз. Өзгертуді ойлап тыраштану бөлек әңгіме...
* * *
Барлық ұлы жаңалықтар әлем заңдылықтарының сырын ашуда дүниеге келген.
Заңдылықтарды өзгертудің бүкіл қадамы болжап болмайтын, бұралаң-тартысты, жантүршігерлік жағдайларға алып келуі мүмкін.
Ағзамыздың әрбір жасушасы қайсыбір іс-әрекетке қажетті энергия қарастыру үшін үнемі еңбек үстінде болады. Егер де біз бұл энергияны мақсатқа қарай жұмылдырмасақ, онда оны өзгеге жұмсау - артықтық, ақымақтық саналады. Клеткалар өз қызметін атқаруды доғарып, өлуге айналмақ.
Баланы кеуде сүтімен айырсаңыз - сүт жоғалады.
Сүйек пен бұлшық етке салмақ түсірмесеңіз - жансызданады.
Миды жаттықтырып тұрмасаңыз - өледі.
Қиындықтар - мықтылықты, жеңістер - қуанышты, мақсаттар - күш-қуатты, армандар - толы нұрлылықты алып келеді.
Қиын да болсын, бірақ, қызықты, салауатты, бақытты әрі ұзақ ғұмыр сүре алар едік, егер әр жолы барлық жаңа, барлық қиын тапсырмалардың шешіміне күш салып көретін болсақ.
Тоқтау - іс-қимылды артқа бұру деген сөз.
Тоқтау - жаттығуды қойып, тез қартаюдың жолына түсе бастаумен бірдей.
Қиындықтар сіздің іс-қимылыңызды тоқтатпайды, оларға деген қарым-қатынасыңыз шектейді.
Дайындаған: Фараби Арыстанбек
Сурет: blog.naver.com
Л. Лига