- Негізгі бет
- Жаднама
- Теннис добымен массаж...
Теннис добымен массаж жасау
Бала кезімізде үлкендер біздің жалаң аяқ қырдан қырға шығып, құм мен малта таста жүргенімізді қалады. Ал қазір үлкен қалада оның бәрі ұмыт болған. Ара-тұра еске түсіп тұратын кездері де болады, онда да бірнеше себептерден аттап баса алмаймыз - лас асфальт, кедір-бұдыр жол, шыны сынықтары және жай ғана кір шалған жолдар.
Бірақ жалаң аяқ жүрудің өте-мөте пайдалы екенін бәрі білер. Табанда ішкі ағзаны құрылымдауға жауап беретін нүктелер қатары аз емес. Сол себепті, оларға массаж жасап уқалап тұру қажет. Алайда бұған уақыт табылмай жатса ше және біздер оны түпкілікті ұмытып кетеміз ғой?
Барлығы өте қарапайым. Үйден тауып алсақ болады немесе дүкеннен теннис добын сатып аламыз. Оны жұмысқа алып келеміз, аяқ киімді шешеміз, сосын табан астында допты сырғанатамыз. Қимыл-қозғалысқа жадымыздан көп күш-қуат кетпейді және біздер компьютер алдында жұмыс істеп отырғанда, тамақтанып жатқанда немесе телефонмен сөйлесіп тұрғанда өздігінен жасала бермек. Ақысына, жеңіл массаж түрі келеді және онысы сізге өте жағымды әсер етпек.
Жұмыс үстелінің алдында дұрыс отыру
"Өркениетті" адамның өмірі былайша көрініс табады: ұйықтайды → отырады және тамақтанады → көлікте отырады → жұмыста отырады → кездесуде отырады → түскі аста отырады → үйде теледидар алдында отырады → ұйықтайды. Осылай айнала береді. Жүріп тұрудың өзі үнемі, тіпті, екі сағатқа да жетпей жатады. Ал сол уақытта ұзақ уақыт сізді өлтіріп тынады. Төмендегі бейнебаянда қалай көп жүріп тұрудың және қалай дұрыс отырудың ақыл-кеңестері көрсетілген.
Ағылшынша білудің қажеті жоқ, өздігінен түсінікті.
Дайындаған: Фараби Арыстанбек
сурет:laitman.ru
Л. Лига