Балалық шақ – бұл...

Балалық шақ – бұл...

"Егер сіз жанартауға құлап кетпеу үшін диваннан диванға ешқашан секірмеген болсаңыз, онда сізде балалық шақ болмаған деген сөз"

Ол тез ұмытылады. Алыс көкжиекке сіңіп, шындықтан алыстай түседі. Ал біз болсақ, салмақты әрі уайымшыл жандарға айналамыз. Сосын, өз балаларымыз болған сәтте балалық шақ дегенді еске түсіре алмайтын халге ұшыраймыз. Ендеше, төмендегі дәйексөздер жүзіңізге бір күлкі келтіріп, жымиуыңызға себеп болсын.

 

* * * *

Сонымен, Балалық шақ - бұл...

* Сары түс - ашық-сары түс, ағаштар - тірі алыптар, айды қолмен ұстап көру, достардың арасында елеусіз бір ұлдың болуы, ал төсек астында сөзсіз біреудің өмір сүруі. 

* Түн ішінде әжетханадан үйге қарата жүгіріп, ешкім жеп қоймады деп қуану!

* Ойыншықпен бірге ұйқыға жатарда, алдымен, сол ойыншыққа қолайлы болуын қарастыруың. 

* Кешірілмейтін қателіктер жасауға бола беретін кездер және кешірім болатынына үміттену. 

* Ақша біткенде - жапырақты үзіп алып, ары қарай асыр салу.

* Бақыт үшін бір ғана балмұздақ жеткілікті сәт.

* Тізеге жағылған көк дәрі, ал қолда еріген шоколад. 

* Көршінің ұлы күйеу, қуыршақ қызың, тамақтың құмнан жасалуы. 

* «Сникерс» тәттісі сенің бетіңде, шалбарыңда, саусақтарыңның арасында, үстелде, пердеде, сосын асқазанда.

* Барынша шынайылықпен өзіңнің пират, терминатор, ханшайым екеніңді айтасың.

* Көршіге өзің барып жамандық үйретуін сұрағаның. 

* Жаңа жылды күтесің, күтесің, күтесің... Он екіден жарты сағат өтер-өтпесте ұйықтап кетуің.

* Аулаға қолыңа бір зат ұстап шықсаң, барлығы "Көрсетші" деп сұрайды. Сосын, сен өз-өзіңді ұлы сезінесің!

* Төсек астында жалмауыз кемпір отырғандықтан, аяғыңды ұстап алмауы үшін алыстан келіп секіргенің. 

* Ұйықтаудың арман емес, міндет саналуы.

* Жыртылған джинсидің сән екенін білмейтін кезің. 

* Көрпе астына тығылуға болатын кез, және егер дем алғаныңды білдірмесең, онда құбыжық таппайды деген сенім.

* Үлкендерге қарапайым сөзің жетпейді, ал күрделісін әлі үйренбегенсің. 

* Сен Гарри Поттер немесе Винкссың, ал сені қарапайым мектепке жіберуі. 

* Ойыншықтар сөйлейтін кез, үстел астындағы үй мен жастық астындағы тоқаш қалдықтары, ал ата-анаң болса, сенің болашағаңа алаңдап, ағылшын тілін оқуға мәжбүрлеп қоюы. 

* * * *

"Балалық шақтың есте қалмауы – демек ең бастысы есіңде жоқ деген сөз. Балалық шақта кейіндеу өзің түсетін бір жол ғана емес, барлық жолдың сорабы көрініп тұрады. Балалық шаққа қайта орала алатын адамды мойын жіпке матап тастамау керек".

(А.Раевский).

сурет:growth.in.ua 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига