- Негізгі бет
- Жаднама
- "Кино — бұл...
"Кино — бұл өмір, ал фотография — өлім"
Балалық шақты тезірек үлкейсек екен деп жүріп, текке өткіземіз, ал үлкейгеннен соң, бүкіл ғұмырымыз қартаймау жолында арпалыспен өтпек. /Клайв Льюис/
* * * *
Құдай құстарды сүйді және ағаш жаратты. Адам құстарды сүйді және тор жаратты. /Жак Деваль/
Жалғыздық - керемет нәрсе; бірақ, сізге шынында да біреудің жалғыздықты керемет нәрсе деп айтқаны қажет-ақ. /Оноре де Бальзак/
Біздің әрқайсымызда Тәңірі өмір сүреді, біздің әрқайсымызға бәрі белгілі. Біздерге тек ой-сана есігін ашып, ішкі даналыққаа құлақ түру жеткілікті... /Дэн Браун/
Егер мен өзгелерден мысал келтіріп жатсам, онда өз ойымды жақсы жеткізгім келгені. /Мишель де Монтень/
Мүмкіндік болса, мейірімді болыңыз. Ал бұл әрқашан мүмкін. /Далай Лама/
Махаббат - адам жүрегіндегі тіс ауруы. /Генрих Гейне/
Қарттық трагедиясы сіздің шау тартқандығыңыздан емес, сіздің жас еместігіңізден. /Оскар Уальд/
Соғыстың ең негізгі салдарының бірі - адамдардың ақырында ерліктен көңілдері қалуы. /Курт Воннегут/
Мораль, этика, заң-жоралғы, салт-дәстүр, сенім, доктрина - бұның бәрі жай ғана нәрселер. Ең маңыздысы, шынына келсек, қоғамдағы кереметтілік үшін. /Генри Миллер/
Өмірде көру, білу керек нәрсенің барлығын жеті жаста білгендігімді қырық жасқа толғанда айтқым келеді. Ал қалған уақыттың бәрі - зерделеу. /Марина Цветаева/
Бір сөз әр қаламгерде әртүрлі және әрқилы естілетіні заңдылық. Біреудің сөз барысында ішкі әлемі астаң-кестең болып жатса, ал енді біреу қалтасына жалма-жан қол салады. /Шарль Пеги/
Менің мінезім нашар, сондықтан болар, мінезі нашар адамдарды суқаным сүймейді. /Эжен Ионеску/
Өлең дегеннің басталуы тамаққа келіп түйілген кесек секілді. /Роберт Фрост/
Кино — бұл өмір, ал фотография — өлім. /Сьюзен Зонтаг/
Ғылым — сіз не білесіз, сол, философия — сіз не білмейсіз, сол. /Бертран Рассел/
Мен бір уақыттарда сұлу болғанмын. Ал енді өз-өзімді көріп тұрмын. /Энн Секстон/
Сіз миллион жылдар, миллион жылдар ұйықтап келдіңіз. Ертең неге онда ұйқыдан тұрмысқа? /Кабир/
Менің өмірім үрейлі бақытсыздықтарға толы болды... Олардың көпшілігі ешқашан болып көрмеген. /Мишель Монтень/
Егер Галилей Жердің айналатындығын өлең түрінде айтқан болса, онда құрбандыққа шалынбас та ма еді. /Томас Харди/
Сурет: adme.ru
Дайындаған: Фараби Арыстанбек
Л. Лига