Тұрсынғали Алагөзов жұмысшыларының ата-анасына зейнетақы тағайындап, тағы да жұрттың ықыласына бөленді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Кәсіпкер Тұрсынғали Алагөзов, продюсер әрі актриса Баян Алагөзованың күйеуі, өз компаниясының қызметкерлеріне арналған жаңа әлеуметтік бастаманы жариялады.
Бұл туралы 20 желтоқсанда Баян Алагөзова Instagram-парақшасында жазды.
"Мақтан тұтамын, махаббатым", – деп жазды ол.
Мәліметке сүйенсек, әрбір қызметкердің ата-анасына ай сайын 50 мың теңгеден төленеді. Бұл – компанияның дамуына үлес қосып жүрген қызметкерлерді тәрбиелеп өсіргені үшін алғыс ретінде қарастырылған.
Бұл – Тұрсынғали Алагөзовтің алғашқы ірі әлеуметтік бастамасы емес. 2025 жылғы мамырда ол өз қызметкерлеріне 100 пәтер сыйлаған. Олардың басым бөлігінің жеке баспанасы болмаған, сондай-ақ компанияда көп жылдан бері еңбек етіп жүрген қызметкерлер де бар.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!