- Негізгі бет
- LifeStyle
- Заңгер 15 маусымнан...
Заңгер 15 маусымнан бастап әйелдер үшін не өзгеретінін айтты
15 маусымда тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заң күшіне енеді. Заңгер Мұхамедияр Дүйсенғали өзінің инстаграм-парақшасында бұл заң күшіне енген соң әйелдер үшін не өзгеретінін түсіндіріп берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
15 маусымда жаңа заң күшіне енген кезде әйелге қатысты не өзгереді?
"Әйеліне қол жұмсағандар 295 мың теңге айыппұл арқалайды немесе 80 сағаттық қоғамдық жұмысқа жегіледі.
Әйелінің денсаулығына жеңіл немесе ауыр зардап келтіргендер 3-8 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Іс қозғау үшін жәбір көрген әйелдің арызы қажет емес. Көрші, туысы айтса, куәгер болса немесе фото-видео болса жеткілікті.
Агрессорлар тергеу изоляторына немесе түрмеге қамалады және қаулы бойынша үйінен кетуі тиіс. Бұрынғыдай ұрып-соғып алып, кешірім сұрап, қайтадан шай ішіп отыра алмайды", -деп жазды заңгер.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
А. Жапатова