Заң бұзғаны көрінеді: Павел Дуров Қазақстанда түсірілген видео жариялады

Заң бұзғаны көрінеді: Павел Дуров Қазақстанда түсірілген видео жариялады
Фото: Видео кадры

"ВКонтакте" желісі мен Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров Алматы облысындағы Көлсай көліне шомылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Павел Дуров суық суға түскен видеосын Telegram-дағы сторисінде жариялады.

t.me/durov

Кейбір желі қолданушыларында "Көлсай көлдерінде шомылуға бола ма және бұл үшін айыппұл салына ма?" деген сұрақ туындады. Ұлттық парк ережелеріне сүйенсек, туристерге тек арнайы белгіленген жерлерде суға түсуге рұқсат етілген.

Tengrinews.kz осы жайтқа байланысты ұлттық паркке жүгінген. Парк өкілдері көлде шомылу әкімшілік құқықбұзушылық екенін және ол үшін айыппұл көзделгенін хабарлады.

Айта кетейік, ереже бұзғандар үшін 10 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде айыппұл қарастырылған, бұл - 39 320 теңге.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget