Залда жаттығуға 5 cебеп

Жазда далада, ауладағы жаттығу құрылғыларына барып еш қиындықсыз жаттығуға болады. Күн суыта бастаған сәттен жаттығу залына деген сұраныс артады. Бірақ әлі де баруға уақыт пен мотивация таппай жүрген адамдар бар. Біз бүгін залда жаттығуға тұрарлық 5 себепті назарға ұсынамыз.

Денсаулық
Тәжірибелі жаттықтырушымен бірге жаттығу арқылы әртүрлі ауыр салмақтағы құралдар адам ағзасына қалай әсер ететінін түсінуге болады. Олар буын аурының алдын алады. Сүйектерді қатайтып, омыртқаның түрлі ауруынан сақтайды. Залда жаттығу арқылы ағзадағы әрбір жасуша оттегіге қанығады. 

Күйзелістен арылу
Залдағы жаттығулар бір уақыт уайым, қайғыны ұмытуға көмектеседі. Кейді тіпті ағзаның шаршағынын да жояды. Өйткені жаттығу кезінде адреналин бөлінеді.  Жаңа жаттығуларды үйренген кезде жаңа нейрондық байланыс түзіліп, ол болашақта деменцияға шалдығу қаупін азайтады.

Сұлулық
Күшті талап ететін жаттығулар —  дене сұлулығын жылдам ретке келтірудің негізгі жолы. Жылдам салмақ тастау үшін де, бұлшық ет жинауды қажет ететін адамдар үшін де залдағы үздіксіз әрі тұрақты жаттығу керек. 

Өз-өзіне сенімді болу
Адам жаттыққан сайын өзіне сенімді бола түседі. Өйткені ол денсаулығы мен сыртқы келбетін жақсы күйінде сақтап қалу үшін қалай еңбек етіп жатқанын жақсы біледі. Оның үстіне залда түрлі саланың адамдарымен танысуға болады. Олармен араласу арқылы адамның таным көкжиегі де арта түседі.

Хобби
"Спортпен айналысамын". Бұл да адамдарды байланыстыратын әрі ортақ тақырып табуға көмектесетін хобби түрі. Оның үстіне залда жаттығатын адам өзінің ағзасы жайлы көбірек ақпарат біледі. Қай уақытта қандай бұлшық ет жұмыс істейтінін сезеді.