- Негізгі бет
- LifeStyle
- Ыстық судың пайдасы...
Ыстық судың пайдасы және ішу тәртібі
Фото:
pixabay.com
Невролог Ұлжалғас Сманова өзінің инстаграм парақшасында ыстық су ішудің пайдасы жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ұлжалғас Сманованың айтуынша, ыстық су ішудің мынадай пайдалы тұстары бар:
- Өтті сұйылтады, өт қабын тарылудан, бітелуден, қисаюдан қорғайды;
- Асқазан-ішек жолдарының қызметін жақсартады;
- Асқазан қышқылдылығын қалыпта ұстайды;
- Ішекті, асқазанды түрлі қалдықтардан тазалайды;
- Ауыз қуысынан бастап іштегі микробатарды өлтіреді;
- Зат алмасу процесін реттейді;
- Қанды тазартады;
- Ішқатуды жояды.
Ыстық суды қалай ішу керек?
- Алдымен сүзгіден өткен таза суды ысытамыз. Қайнатпаймыз. Жай ғана ысытамыз;
- Судың температурасы ауыз бен таңдай күймейтіндей (шамамен 40-50°C) болуы керек. Қатты ыстық су қауіпті. Өйткені өңеште жүйке рецепторлары жоқ. Сондықтан күйіп қалса да сіз сезбей қалуыңыз мүмкін;
- Ыстық суды (ашқарынға 1-2 стақан) жаймен ғана ұрттап ішу керек;
- Суыңызға аздап лимон сығындысын қоссаңыз, суыңыз пайдалы бола түседі.
Сүйек сорпасы қандай ауруға ем? Нутрициолог пайдалы сорпаны қалай дайындау керегін айтты
А. Жапатова