Танымал әнші Әли Оқаповтың кішкентай ұлы Зейін атына заты сай зеректігімен желідегі оқырмандарды таңғалдырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әнші Әли Оқапов пен оның келіншегі Ақерке Бүркітбай әлеуметтік желіде кішкентай ұлының видеосын жариялады.
"Қазақстанның туын қай жерде де бірінші көріп қояды", - деп жазды олар Зейіннің әлем картасы мен туларының арасынан Қазақстанның байрағын жазбай таныған баласының видеосын жариялап.
Желідегі оқырмандарды баланың зеректігі таңғалдырған сияқты. "Жарайсың, Зейін!Атына заты сай балапан!", "Вундеркинд бала болайын деп тұр-ау", "Тіл-көзден аман болсын, ақылды ботақан!" деген жылы пікір жазылып жатыр желіде.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз