Ұзақ жасауға сеп болатын әдеттер аталды

Ұзақ жасауға сеп болатын әдеттер аталды
Фото: depositphotos.com

Дәрігер Гэри Смолл ұзақ өмір сүруге көмектесетін күнделікті әдеттерді атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Маманның сөзінше , ұзақ өмір сүрудің құпияларының бірі - өмірге деген жеңіл көзқарас.

"Мұндай жандардың психикалық және физикалық жай-күйі басқаларға қарағанда әлдеқайда жақсы болады. Оған қоса үнемі жайдары жүрсеңіз, иммун жүйесі де күшейеді, яғни ағза әртүрлі инфекциямен тиімді күресе алады", - деген маманның сөзін lenta.ru басылымы келтірді.

Сонымен қатар, физикалық белсенділікпен айналысу керек, өйткені ол қан айналымын жақсартады, эндорфин деңгейін жоғарылатады және жүрек-тамыр жүйесін нығайтады.

Маман рационды қайта қарауға шақырды: жемістер мен көкөністерді қосып, қант пен ультра өңделген тағамдарды алып тастаған жөн.

Сөз аяғында сарапшы үнемі медициналық тексерістен өтуге және күйзелістен аулақ болуға кеңес берді.

Еске салайық, бұған дейін 102 жастағы қызылордалық соғыс ардагері ұзақ жасаудың сырын айтты. Ғасыр куәгерінің айтуынша, көп жасауының сыры – жүрек тазалығы мен күнделікті қимыл-қозғалыс.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget