Ұзақ әрі бақытты қарым-қатынас құрудың сыры неде?

Ұзақ әрі бақытты қарым-қатынас құрудың сыры неде?
Фото: Midjourney

Психолог Кристина Мартинес ұзақ жылғы әрі бақытты қарым-қатынастың құпиясы неде екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Кристина Мартинес "біркелкі өмір салты" кез келген қарым-қатынастың басты жауы екенін жеткізді. Осыған байланысты жұптар әр екі апта сайын смартфонсыз және басқа да алаңдататын дүниесіз бірге уақыт өткізгені жөн екен. Сондай-ақ, әр екі ай сайын барлық демалыс күнді бір-біріне арнауы керек.

Сонымен қатар, психологтың айтуынша, әр екі жыл сайын бірге сапарға шығуы керек. Сонымен қатар, жұптар күн сайын екі минуттан қарым-қатынаста не ұнайтыны және нені өзгерткісі келетіні туралы диалог жүргізгені жөн.

"Бастапқыда мұндай қысқа уақыт ішінде ештеңе өзгермейтіндей көрінуі мүмкін, бірақ іс жүзінде бұл әңгіме бір-бірінің қажеттіліктерін түсінуге және түсініспеушіліктерді жоюға көмектеседі", - деді маман.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget