Ұйықтар алдындағы ең зиян әдет аталды

Ұйықтар алдындағы ең зиян әдет аталды
Фото: depositphotos.com

Гастроэнтеролог Алия Усеева ұйықтар алдында майлы тамақ жемеуге кеңес берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Рassion-ға сілтеме жасап.

Дәрігердің айтуынша, ұйықтар алдында майлы тамақ жеу қыжыл және асқазанда ауыртпалық тудырады. 

"Ұйықтар алдында майлы тамақ жеу әдеті - жай ғана жағымсыз әрекет емес, ол денсаулыққа айтарлықтай қауіп төндіреді. Ол асқазан, ұйқы безі және бауыр ауруларының дамуына ықпал етеді, ұйқыны бұзады және артық салмақ қосып алуға себепші болады", - деді Усеева.

Маман ұйықтауға үш-төрт сағат қалғанда кешкі ас ішуге, соның ішінде көкөністер, балық немесе буға (немесе суға) пісірілген тауық жеуге кеңес берді. Сондай-ақ ол порция мөлшерін бақылау және көп тамақ жеп қоймау керегін айтты.

Оқи отырыңыз: Ұйқысыздықтан қиналмас үшін күндіз сағат нешеде ұйықтауға болмайды?

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

А. Жапатова
Logotype Massaget