- Негізгі бет
- LifeStyle
- Ұйықтар алдында жеуге...
Ұйықтар алдында жеуге болмайтын 7 өнім
Әдетте қарбалас күннен кейін біздің демалғымыз келеді және өзімізді сүйікті тағамымыздың дәмін тата отырып, көріп жүрген сериалымыздың жаңа эпизодын қосамыз. Әрине, адамның өз-өзіне осындай демалыс ұйымдастыруында ешқандай қателік жоқ, бірақ кейбір тағамдар кейінірек салмақ қосып, денсаулықтың нашарлауына себеп болуы мүмкін. Сонымен қатар, кешкі асты дұрыс таңдау дұрыс ұйқыға және тынығу кезінде ас қорыту жүйесінің дұрыс жұмыс істеуіне кедергі келтіреді. Бұл мақалада түнгі мәзірде неден аулақ болу керегін айтамыз.
Макарон өнімдері
Бидайдан жасалатын макарондар - жаттығудан кейін немесе күн ішінде энергияңызды теңестіруге көмектесетін көмірсулар көзі. Бірақ ұйықтар алдында жеген макарон түнде дененің қалпына келуіне кедергі келтіреді, сондықтан түнде италиялық стильде тамақтанған адамның таңертең көздерінің асты қарайып, шаршаңқы көрінеді.
Ірімшік
Ірімшіктерді қорыту өте қиын және олардың құрамында асқазанда қабыну реакциясын тудыруға қауқарлы майлар бар. Сонымен қатар, ірімшіктерде ұйқыны реттейтін гормондардың өндірісін азайтатын тирамин амин қышқылы бар.
Ет
Етте қаныққан май көп, ал шұжықтардың қаншама химиялық қоспалардан тұратынын білсеңіз, оларды рационыңызға ешқашан қайта қоспас едіңіз. Кешкі ас барысында желінген ет ұзақ уақыт бойы қорытылады, сондықтан тынығатын уақыттарда дене тыныштығын жоғалтады.
Дәмдеуіштер
Дәмдеуіштер тағамға керемет хош иіс пен дәм береді, ал дәмді түскі ас қуаттандырады. Бірақ кешкі ас кезінде дәмдеуіштері бар тағамдар өңешті күйдіріп, асқазанда ауырлық тудыруы мүмкін.
Түрлі-түсті орамжапырақ
Түсті қырыққабат жеңіл кешкі ас үшін пайдалы таңдау сияқты көрінеді, калориясы төмен және талшық пен микроэлементтер көп. Дегенмен, қырыққабат тектес көкөністер ас қорытуды қиындатады, сондықтан жатар алдында бұл дұрыс таңдау болмасы анық.
Балмұздақ
Төсекте балмұздақ толы ыдыспен сүйікті мелодрамаңызды көріп жатқанға не жетсін?! Бұл сізге қиын күннен кейін психологиялық тұрғыдан қалыпқа келуге көмектесуі мүмкін, бірақ сіздің денеңіз одан нашарлай түседі. Балмұздақтың құрамында қаныққан майлар, қанттар және қоспалар көп. Осы компоненттер ас қорыту мен жүйке жүйесіне үнемі әсер етеді. Ұйықтар алдында өзіңізді тәттімен еркелеткіңіз келсе, табиғи шербеттерді таңдаңыз.
Қара шоколад
Қара шоколад мидың жұмысына оң әсер ететін, қуат пен күш беретін антиоксиданттар мен заттарға бай. Бірақ кешке мұндай десерт жүйке жүйесін қоздырып, ұйқыны бұзуы мүмкін, сондықтан одан бас тартқан дұрыс.