Ұйықтап қалып, сәресін өткізіп алған кісілер не істейді?

ҚМДБ ұйықтап қалып, сәресін өткізіп алған жандарға кеңес берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ұйықтап қалып, сәресін өткізіп алған кісілер не істейді?

Діни басқарма мәліметінше, сәресін ішу парыз емес, ұйықтап яки басқа себептермен сәресін өткізіп алғандар ештеңе ішіп-жеместен ораза ұстауын әрі қарай жалғастыра береді. Бірақ сәресін жіберіп алмауға тырысқан жөн.

"Хадисте: "Сәресін ішіңіздер, себебі сәресінде берекет бар. Бір жұтым су ішсеңдер де сәресін тастамаңдар. Себебі сәресіне тұрғандарға Алла Тағала рақым етіп, періштелер кешіріп тілейді", - делінген.

Сәресі - дұға-тілектер қабыл болатын уақыт. Сәресін ішу адамға күш береді, күндізгі жұмыстарын тыңғылықты атқаруға, ғибадаттарын кемшіліксіз орындауға көмектеседі", - деп жазылған мәліметте.

Ораза - 2025 қашан басталды?

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімі Түркі мемлекеттері ұйымына қарасты Мүфтилер алқасы жанындағы Пәтуа кеңесімен ақылдаса келе биыл Рамазан айы басталатын күнді бекітті.

Ортақ пәтуаға сәйкес қасиетті Рамазан айы 1 наурызда басталды.

Рамазан 2025: Қадір түні қашан?

ҚМДБ мәліметінше, 27 наурызға қараған түн - қасиетті Қадір түні. 30 наурыз - Ораза айт мерекесі.

Пітір садақа мөлшері қанша?

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төралқа мәжілісінде пітір садақа еліміз бойынша екі келі ұнның орташа бағасы негізінде 655 теңге болып бекітілген.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!