Қырғызстан парламентінің депутаттары салт-дәстүрлер, рәсімдер мен мерекелерді өткізу кезінде артық шығынды шектеуді ұсынып отыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 24.kg-ге сілтеме жасап.
Қоғамдық талқылау барысында депутаттар Замирбек Мамасадықов пен Шайырбек Тәшиев дәстүрлі іс-шараларды өткізуді регламенттеуді көздейтін "Қырғыз Республикасында рәсімдер, мерекелер мен дәстүрлерді өткізу кезінде ысырапшылдықты шектеу туралы" заң жобасын қоғамдық талқылауға шығарды.
Қоғамдық талқылауға ұсынылған заң жобасы отбасылық іс-шараларды реттеуді енгізуді ұсынады:
Заң талаптарын бұзғаны үшін той, шара иесіне 300 мың сом, мекеме иесіне 100 мың сом көлемінде айыппұл салынады.
Құжат бастамашылары соңғы кездері елде той-томалақтар мен жерлеу рәсімдеріне байланысты халықтың төл әдет-ғұрпы мен салт-дәстүріне сәйкес келмейтін келеңсіз құбылыстардың көбейіп, отбасы қаржысына айтарлықтай зиян келтіретінін атап өтті.
Заңның орындалуын бақылау жүргізуді жергілікті мемлекеттік органдар жанындағы аумақтық комиссияларға жүктеу ұсынылды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!