Продюсер Гүлзира Айдарбекова көпшіліктен ұлы Заңғардың екінші әйеліне тиіспеуді өтінді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Гүлзира Айдарбекова "Мамский әңгіме" YouTube-каналына берген сұхбатында кенже ұлы Заңғар Нұртас бірінші әйелімен тоғыз жыл жүріп, неге ажырасқанына қатысты пікір білдірді.
"Ол кезде де жүрегін жаралаған. Халық "Түрі анадай, тісі мынадай, ауызы, құлағы мынадай" деген сияқты бір күн бермеген. Ал енді кетіп қалғаннан кейін жаны ашып, "Сол дұрыс па еді? Мамасының кесірі ме?" деген сияқты көп әңгіме айтады. Енді мына келінге тыныштық бермей жатыр ғой. Мына келінге тыныштық жоқ. Ол енді "Осы үйге келін болдым" деп қуанып келіп отыр. Халықтың бәрі "Сен қу сияқтысың ғой, неғып келіп алдың?" дегеннен кейін оны да көңілі жайсыздықты сезінеді. Елдің сөзі қажет емес сияқты. Маза беруі керек сияқты. Өйткені бұл жерде ене емес, халық ажыратып жіберетін сияқты болып тұр. Мен емес, енесі халық болып тұрған сияқты.
(...) Екеуі тұра келе, бір-бірінің адамы емес екенін түсінген сияқты. Жақсы түсінген сияқты. "Өмірін бұзбай-ақ қояйын, мүмкін өзінің адамын тауып кетер" дедім. Халық о баста қайта-қайта Жібекке тиісті ғой. Енді Индираға тиісудің қажеті жоқ сияқты. Қанша сөйлесе де, олар оның өмірінен алып тастай алмайды ғой. Ол Құдайдың өзінің маңдайына салғаны. Сосын "Мынау үйлене беретін баласы ма?" дейді. Ол жыл сайын үйленіп жүрген жоқ. Бір рет ажырасты. Енді біздің отбасымызда бір ажырасқан адам болған екен. Соны "Анау ажыраса беретін баласы ма?" деп, қайта-қайта бір әйел жіберіп жатқан адам сияқты айтады. Енді қайтсем, мін табамын, қайтсем, кір табамын дейтіндер ғой. Жұртты азғырып, елдің барлығын кері пікірге бұрсам дейтіндер көп. Ол болмаса да, болмайтын шығар енді. Адам шыңдалмайтын шығар деп ойлаймын. Олар да керек қой. Бір негатив жүрмесе де болмайды. Жастарға біздің емес, сол адамдардың азғыруы көп әсер ете ме деп ойлап қаламын кейде. Біз емес, бізден бұрын сол халықтың сөзі құрта ма деп ойлап қаламын. "Мамасының баласы" дейтін кезде балаң да намыстана бастайды. "Тыңдамасам ба екен" дейді. Басына қиындық түскесін саған айналып қайтып келеді", - деді ол.
Продюсер бұрынғы келініне жамандық тілемейтінін және кетерінің алдында онымен әңгімелесіп алғанын айтты.
"Біреудің отбасында болып жатқан жайттарға түсіністікпен қараса, кетті ме - кетті деп, оның да жүрегін ауыртпаса екен. Мен оған ешқандай жамандық тілемеймін. Өзінің бақытын тауып кетсе екен, бізге деген реніші болмаса екен. Реніш деген негізі адамның жолын жабатын нәрсе ғой. Мен оған ренжімеймін. Ол кететін кезде барлығын, айтатынымды айтып, жібердім. "Менен кінә болса, барлығын айт", "Мен сені бір жаққа жібермей қойған кезім болды ма", "Отырсаң - опақ, тұрсаң - сопақ" деген кезім болды ма?", "Біз әйтеуір анда-санда келеміз, үйде көп болмаймын, Алматыда болған кезде қонақтан қонақ, басқа уақытта ана қаламен, мына қалаға ұшып жүреміз. Анда-санда келген кезде қандай зияным тиіп қойды?" деп, соның барлығын сұрап, айтып, болмайтына көзім жеткеннен кейін "Жарайды" деп келістік. Онда "Арада әзірше бала болмай тұрғанда өз бақыттарыңды табыңдар. Ешқандай реніш болмасын" дедім", - деді ол.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!