Ұйқысыздықтан қалай арылуға болады?

Ұйқысыздықтан қалай арылуға болады?
Фото: depositphotos.com

Дәрігер Мишель Дреруп ұйқысыздықтан арылудың ерекше әдісін атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол ұйқысыздықтан арылу үшін шұлықпен ұйықтауға кеңес берді. Ал салауатты өмір салты бойынша сарапшы Джессика Андраде дұрыс ұйқысыз тіпті ең пайдалы әдеттер де ағзаға оң әсер етпейтінін жеткізді. Ол мысал ретінде дұрыс тамақтануды келтірді. Түнгі ұйқы нашар болса, мұның әсері тиімсіз болады, өйткені тәбетке жауап беретін гормондар бақылаудан шығады.

Еске салайық, бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі ересектер мен балалар қанша сағат ұйықтағаны жөн екенін айтты.

Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті бұл сауал адамның жасына байланысты екенін мәлімдеді:

  • жаңа туған нәрестелер (0-3 ай): 14-17 сағат;
  • сәбилер (4-12 ай): 12-16 сағат;
  • 1-2 жастағы балалар: 11-14 сағат;
  • 3-5 жастағы балалар: 10-13 сағат;
  • 6-12 жастағы балалар: 9-12 сағат;
  • 13-18 жас аралығындағы жасөспірімдер: 8-10 сағат;
  • ересектер, яғни 18-64 жастағылар: 7-9 сағат;
  • 65 жастан асқан қарттар: 7-8 сағат.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget